№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖИРЕНШЕНІҢ ЖӘНІБЕККЕ ЖАУАБЫ (СӨЗ ҚҰДЫРЕТІ)

ЖИРЕНШЕНІҢ ЖӘНІБЕККЕ ЖАУАБЫ (СӨЗ ҚҰДЫРЕТІ)

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады. 
— Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? — деп сұрайды. 
— Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,— деп жауап береді бала.
— Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма? 
— Түйемнің тұсауы өліп қалып еді,— дейді бала. Ол әкем өліп қалып еді деген сөзі екен. 
— Балам, біз қай үйге қонамыз? 
— Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да қона бересіздер! Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар,— дейді бала. 
Ханның қасындағылар: 
— Мынау бір мырза бала екен, осының үйіне қонайық,— дейді. Келген соң бала бір буаз саулықты жетектеп келіп «иллаһи амин!» дегенде: «Шырағым, бойдақ қой жоқ па? — деп ескертеді хан. 
— Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жесеңіздер, біздің үйге қон дегенім осы емес пе еді? — дейді бала. 
Қонақтар жауабына қайран қалады. 
22 шілде 2018 ж. 3 029 0