ТАҢ НАМАЗЫНЫҢ АЗАНЫ ҚАЙ УАҚЫТТА ШАҚЫРЫЛАДЫ?
Бірде бір жігіт қызына үйленгісі келетін ниетін білдіріп, әкесіне келеді:
"Қанша қалың мал беру керек болса да дайынмын. Басымда жайлы баспанам, қымбат көлігім бар. Қызыңызға үйленуге рұқсатыңызды берсеңіз, өмірімнің соңына дейін ханшайымдай аялап өтемін".
Қыздың әкесі жігітке былай дейді:
"Саған бір ғана сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берсең, берген қалың малың сол болсын! Қызымды алтынмен апта, күміспен күпте демеймін, тек сұрағыма дұрыс жауап берсең болғаны".
Жігіт: "Бір сұрақ болса, жарасы жеңіл екен ғой" - деп ойлап, қуанып кетіп, қыздың әкесінің шартын қабылдайды.
Қыздың әкесі жігіттің көзіне тіке қарап:
"Таң намазының азаны қай уақытта шақырылады?" - деп сұрайды.
Жігіт қызарып кетіп, ұзақ ойланып: "Таңғы сағат төртте. Аа, жоқ. Үште-ау деймін... Шынымды айтсам, білмейді екенмін" - дейді.
"Тыңдашы, ұлым!" - дейді қыздың әкесі жылы жүзбен: "Мен үшін сенің байлығың, атағың маңызды емес. Қызым - менің байлығым, менің ханшайымым. Оған патшайымдай қарап өтетін адам керек. Қызымды тек Аллаһтан қорқатын, Аллаһқа бойұсынатын жан ғана бақытты ете алады. Тек салихалы күйеу ғана Аллаһ Тағалаға жақындауға көмектесу арқылы қызыма екі дүниенің бақытын сыйлай алады".
Осындай мейірбан, қамқор, қыздарын осыншалықты жақсы көретін әкелер көп болсын, аман болсын!!!