№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Педагогтік әдеп

Педагогтік әдеп


Не әзірбайжан, не түрік болу керек, өте сүйкімді сәби. Еденді тасырлатып жүгіртіп жүрді. Жүгіріп жүрсе:

-Тәйт,жүгірме,апа ұрсады,-дейді әкесі.
- Әй,сұмырай,тыныш отыра алмайсың ба?-деп шешесі бір жағынан жекіріп қояды. Әжесіне барса, әжесі де ұрсады. Ішімнен қатты ренжіп қалдым.
-Айналайын, бері кел,мен сенің атаңмың,-деп өзіме шақырдым.қуанып, алдыма кеп отырды. Тілі шығып қалған, жарты қазақша,жарты орысша. Бала жылы сөзді сүйеді ғой. Еркелеп,тәтті күлше жеп, мәз болып қалды.
-Тыныш отырыңдар!-дегендей қолын көтеріп, белгі жасадым да сөйледім.
-Бұл баланың сені апа дегеннен басқа не жазығы бар?-дедім жекжат қарындасыма. Әкесіне қарап: «Мұның әке дегеннен басқа не жазығы бар?»-деп ашуландым.
- Апа десе, «тәйт» жейсің, әке десе, «тәйт апаң ұрсады» дейсің. Кемпірге барса, ол да «тәйт» дейді. Мен де «тәйт» десем,бұдан не қалады?
Жекжат қарындасым ақылды екен,күліп жіберді.
-Бұларың жарамайды, шырақтарым. Баланы алған екенсіңдер, жөндеп тәрбиелеңдер. Баланың аты бала. Үйге қонақ келді, ата келді деп бұл білсеңдер қуанып жүр. Әр адым сайын жекіп, өйтпе, бүйтпе дей берсеңдер не болмақ? Бұған қазір жүгірме деп қалай айтасың? Білсеңдер, бәрі есінде қалады, – деп тастадым.
Өзі тілі жаңа шыққан, сүп-сүйкімді бала. Тағы ұрысқандарына жыламайды екен.
Баукең маған ұзақ көз алмай қарап:
-Мұны саған неге айтып отырмын, қарағым?-деді де өзі жауап берді.- Мұны еске алу себебім, әр ата-анада педагогтік әдеп болу керек.
P.S. Баланы шектен тыс тыйып ұстау оның психологиясын бұзады, жасқаншақ болып өседі.
23 мамыр 2018 ж. 1 259 0