№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҢШЫ ӘҢГІМЕСІ

АҢШЫ ӘҢГІМЕСІ


- Менің ау аулап, тортөбел, сарқасқа сияқты екі жүйрік ат ұстағанымды алыс-жақын, ауыл-аймақ жақсы біледі. Әсіресе, түз аңы - қасқыр аулауға дегенде ықыласым бөлек. 1987-1992 жылдары ауыл маңайын қасқыр дегенің торып, әбден басынып алғаны соншылық, үйдегі биені, азынаған айғырды да жеп кетіп жүреді. Бірде Бекмырзаның көк айғырын жемтіктеріне айналдырған соң, шыдамай ауылдағы жігіттермен ақылдасып-кеңесіп, 20-30 атты адам қасқыр аулауға шықтық.
     
  Мезгіл қазан айы болатын. Бағытымыз - Қаратөбе. Аттылы адам­дардың арасының қашықтығы шамамен бір шақырымдай. Алдын-ала  уәдеміз бойынша, егер қалың қамыстан қасқыр шыға келіп қашса бас киімдерімізді бұлғап бір-бірімізге белгі беретін болып келіскенбіз.   Сөйткенше Қаратөбенің баурайына келе бергенде, Кәрім ақсақалдың алдынан нән қасқыр қашты. Мұны көріп атқа қамшы басып, әлгі көк шуланды ортаға алдық. Соңымызда 30-40 ит тағы бар. Жақындай бергенде қасқырды көрген 15 шақты ит ауыл қайдасың деп тұра айдады. Өжеттеу төрт ит ортадағы қасқырдың жамбасынан ала кетті. Кәрім ақсақал жата кеткен дала тағысының ауызына мылтығының ұңғысын тықты. Және қарап тұрмай "айырылып қаламыз, атамын" деп өзеуреді. Сол екі арада балық зауытының Баймырза деген жылқышысы қасқырдың желкесіне мініп алып, екі құлағын қайырды. Кәрім болса жыңғылдың білектей бұтағын екі көзі от шашып, ырылдаған қасқырдың ауызына тастады. Бұтақты тістеген қасқырдың азуы қарысып қалған соң, төрт аяғын байлап, ноқталап, шылбырға шылбыр жалғап, Зейнештің қанжығасына теңдедік. Сөйтіп ауылға әкелдік. Аналық қасқыр екен. Ауылдың үлкен-кішісі түгел тамашалады. Артынан білдім, Кәрімнің мана әзірде "атам, атам" деп жүргенде мылтығында оқ жоқ екен. Егер "ата ғой" дегенде оқсыз мылтыққа сеніп, қасқырдан айырылып қалады екенбіз. Сол жылы ауыл маңайын торуылдаған 13 қасқырды осындай әдіспен ұстап, өшімізді алдық.  
02 ақпан 2018 ж. 2 316 0