№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АМАНАтҚА АдАлдЫҚ

АМАНАтҚА АдАлдЫҚ

Әуезбек Қалдыбекұлы 1906 жылы қазіргі Жайылма ауылдық округінің кіндігін мекендеген. Тамғабай қажының отбасында дүниеге келіпті. Әуезбек жастайынан ауыл молдасынан және анасы Зеріптен ескіше хат танып өседі. Ал Зеріптің туған апасы, Өрік Жұмабайқызы мемлекет қайраткері Садықбек Сапарбековтың анасы. Әуезбек те жастайынан осындай текті адамдармен аралас-құралас болып, айнала қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мен қоғамның жаңалықтарына құлақ түріп жүреді.

Кеңес үкіметі өрісін кеңге жайып, ТОЗ, отызыншы жылдардың бірінші жартысынан бастап олар колхоздар болып қайта құрылды. Осы кезеңдері Әуезбек те ауылдағы ашылған «Қызыл отауларға» барып жүріп өздігінше төте жазуды да үйреніп алды. Колхоздастыру жұмысына белсене араласқан жас жігіт алғашқыда бригадир,комсомол жетекшісі, 1934 жылы Келте Шалқияның төменгі сағасында Қумола деген жерде құрылған «Мерген» колхозында еңбек етеді. Одан әрі Қазалыдағы ауылшаруашылық мектебінде оқиды. Оқу бітіріп келген жас жігіт 1938 жылы «Мирзоян» колхозына төрағалыққа сайланады. Іскерлік қабілеті мен шебер ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында «Мирзоян» колхозы аудандағы маңдайалды шаруашылықтың біріне айналады. 1941 жылдың 22 маусымында немістер соғыс ашып, 18 бен 45 жастың арасындағы ер азаматтар майданға аттана бастады. 1942 жылдың 19 наурызында «Жайылма» ауылдық Кеңесіне қарасты үш колхоздың да төрағасы соғысқа қатар алынды. Міне осы қатарда майданға аттанған Әуезбек ІІ топтағы мүгедек болып елге оралады. Әуезбек ағаның әскерде жүрген жорық жолдары былай жалғасады. Тарихта «Өмір жолы» деген атпен қалған Ленинградқа барар жолдың стратегиялық маңыздылығын сезінген екі жақ бар күшті осы жолға салды. Фашистер жолды аламын десе, Совет солдаттары жолдан айырылмаудың барлық амалын жасады. №176 атқыштар полкы армия генералы Говоровтың Армиясы құрамында жаумен ымырасыз шайқасқа түсті. Осындай жан алып, жан беріскен шайқастарда Әуезбек бірнеше рет жеңіл жараланса да, алғы шептен кетпейді. 1943 жылдың 24 ақпанында қасына түскен снарядтың жарықшақтарынан ауыр жарақаттанып, санитарлардың дер кезінде көмек беруінің арқасында ол тура келген ажалдан аман қалады. Үш айдан астам Калинин қаласындағы госпитальда емделгенімен біржолата айығып кете алмаған Әуезбекті медициналық сараптама комиссиясы одан әрі әскерге жарамсыз деп тауып ІІ топтағы мүгедектік беріп елге қайтарады. Бұл маусым айының басы болатын. Елде жұмыс қолының кем кезі, жұмысшылардың басым көпшілігі кемпір-шалдар мен кәмелетке жасы толмаған жастар. Ара-араларында біреу-жарым жараланып соғыстан оралған мүгедек солдаттар. Әуезбек елге орала салысымен арада апта өтпей – ақ аудандық партия комитеті оны жұмысқа шақыртады. Аудан басшысы оған аудандағы қалыптасқан жағдай туралы баяндай келіп «Ленин» колхозына басқарма төрағасы етіп тағайындайды. Ол кездері тау беткейдегі колхоздар тек тау жондарына ғана емес, Сыр бойына да егіс егетін. Бұлардың колхозына да аудандық партия комитеті мен аудандық ауылшаруашылық басқармасы «Сунақата» каналы бойынан жер белгілеп берген болатын. Жаздай жонға егілген бидайды жинаса, қыркүйек түсе Сырдағы егісті жинауға кірісетін. 1946 жылдың қыркүйек айының ортасында «Сунақата» каналы бойындағы егістің басында қатты сырқаттанған оны ауыр жағдайда өгізарбамен Жаңақорғанға ауруханаға жеткізеді. Ол кездері ауруханада қазіргідей білікті дәрігер де жоқ. Бүкіл саналы ғұмыры мен денсаулығын ел игілігі мен қоғам мүддесіне арнаған жан осылайша өмірден озып кете барады. Кезінде әкесі Қалдыбек ұлдарына жарды өзі таңдаған екен. Әуезбекті атақты да беделді, айтқан сөзін қайта жұтпайтын Балымбет деген текті кісінің Тұрғаш есімді қызына 1933 жылы үйлендіреді. Әуезбекке перзент сүю бақыты көп жылдар бойы арман болыпты. Дүние есігін ашқан 5 ұл мен бір қыздан тек Айдар атты жалғыз туысы есен-сау өсіп жетілген. Қалғандары жастайынан шетінеп кетіпті. Айдар Әуезбек соғыстан келгеннен кейін 1944 жылы дүниеге келген. Бірақ оның ержеткенін қайран әке көре алмай, ол екі жасқа толар толмаста қайтыс болған. Анасы Тұрғаш Палымбетқызы күйеуі Әуезбек қайтыс болғаннан кейін қайнысы Есенбекке көмекші шопан болып еңбек еткен. Тұрғаш анамыз да мінезі тік, от тілді орақ ауызды, айтарын кейінге қалдырмаған кісі, әрі арабша өте сауатты болған. Осындай тектілерден қалған жақсының көзі болған Айдар ағамыз да әке жолын қуып, орта мектептен соң Қазалы зооветеринариялық техникумды бітіріп, кейін Алматы зооветеринариялық институтын сырттай оқып бітірген. ұзақ жылдар, бөлімшеде мал дәрігері, бөлімше меңгерушісі, директордың орынбасары болып кеңшарлар тарағанша еңбек етті. Айдар ағамыз да Қазалыдағы оқуын бітіріп елге оралғанда жалғыз қайтқан жоқ, Әлімнің Шәмшагүл атты аруымен бас қосты. Екеуінен алты перзент дүниеге келді. Бұл күні олардың бәрі өмірден өз орындарын тауып, алған білімін еңбекпен ұштастыра білген, жоғары білімді мамандар. Бұл күні Айдар аға мен Шәмшагүл жеңгеміз өмірінің жалғасындай 26 немере мен 8 шөберенің қызығына тоймаған ата мен әже. Дана халқымыздың «адам ұрпағымен мың жасайды» деген керемет қанатты сөзі бар. Бұған еш түзету болмайды, қажеті де жоқ. Міне текті ата ұрпағының Әке аманатын орындауы деген осы шығар. Өйткені алып таулар алыстаған сайын биіктей беретіні ақиқат. «Әкеден ұл тусады, ата жолын қусашы» дегендей әке аманатына кір шалдырмаған Әуезбековтер осындай жандар. Есімі беріліп, көше ашылды Жексенбі күні кенттің Саяжай мөлтек ауданында жаңадан тас төселген көше басында қарақұрым адамдар жинала бастады. Шара басында Сейдулла қажы Омаров құран бағыштады. Салтанатты жиынды аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков ашып, шараға қатысушыларға: – «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп дана халқымыз бекер айтпаған . Оған куә, мына бүгінгі шара. Біз бүкіл саналы ғұмырын ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, оның әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруына өзінің бар білімі мен біліктілігін, ұйымдастырушылық қасиетін жұмсаған, небәрі 40 жыл ғана ғұмырында тер де, қан да кешті. Халқы үшін маңдай терін төккен абзал жан, Әуезбек Қалдыбекұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында осы көшеге оның атын беріп, ашылу салтанатына келіп отырмыз, – деп сөз бастаған төраға, Әуезбек Қалдыбекұлының өмірі мен ол атқарған, халқына жасаған қызметі мен соғыстағы ерлік істері туралы мағлұматтар бере келіп, сөзін төмендегіше қорытты: Өткенсіз тарих жазылмайды. «Қазақстандық жаңғыру» бағдарламасы аясында мұндай игі шаралар жалғасын таба беретініне Сіздерді сендіргім келеді, – дей келе Ғалымжан Жарқынбекұлы шараға қатысушыларға кент әкімінің Саяжай мөлтек ауданындағы аты жоқ көшеге Ұлы отан соғысының ардагері Әуезбек Қалдыбекұлының есімін беру туралы шешімін таныстырып, оны Әуезбектің ұлы Айдарбек Әуезбековке табыс етті. Мұнан кейін сөз алған оңтүстіктен келген «Ордабасы ауданының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик» Әділхан Исабаев, «Қоңырат Алты Ата» қоғамдық қорының төрағасы, «Жаңақорған ауданының» құрметті азаматы Мадияр Ахметов Әуезбек Қалдыбекұлы атындағы көшенің ашылу салтанатына орай осы шараны ұйымдастырып отырған аудан әкімдігі мен аудандық мәслихатқа ризашылықтарын білдірді. Шара соңында аудандық орталық мешіт асханасында Әуезбек Қалдыбекұлын еске алу асы беріліп, естеліктер айтылып, құран бағыштал ды. Ерубай ҚАЛДЫБЕК, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
09 мамыр 2024 ж. 3 920 0