Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық дегеніміз – адам тәнінің, жанның және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі, сондықтанда жеке бас гигиенасына аса көңіл бөлген жөн. Әр адамның жеке сүлгісі, тіс щеткасы, сабыны т. б. көптеген нәрсесі бөлек болуы тиіс. Әр адам өз денесін таза, киімін ұқыпты, құралдарын дұрыс ұстауы қажет.
Жеке бас гигиенасы - гигиеналық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білу. Аурудың алдын алу бұл - тазалық. Үй-жайды, төсек – орын, ыдыс - аяқ, киімді арнайы тазартқыш заттармен тазалау қажет. Аптасына кем дегенде бір рет моншаға түсіп, төсек-жаймаларды ауыстыру қажет дей отырып, Сіздерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасын ұстануға шақырамын.
Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.1. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді.
2. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
3. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
4. Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орнатылады, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады. Ағаш траптар пайдаланылмайды.
5. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады.
6. Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
7. Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады. Суды бұру траптары бітеліп қалмайды және еденде лас су жиналмайды. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
8. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі.
9. Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.
10. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.
11. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
12. Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді.
13. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.
Б.Увайдаев
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы




