» » Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық



«Сыбайлас  жемқорлық»түсінігі  (латынша corruptio)  -ақшаға  сатып  алужәне  саяси қайраткерлерді,  мемлекеттікшенеуніктерді, лауазымдықтұлғаларды  сатып  алудегенді білдіреді. ҚазақстанРеспубликасының  заңнамаларына сәйкес,  сыбайласжемқорлық  қылмыстарға негізінен  лауазымды  қылмыстаржатады. Өмір  көрсеткендей,  қызметөкілеттігін  теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану,  параалу,  пара  беру, парақорлыққа делдал  болу,қызметтік  жалғандық  жасау, көрінеу  жалғансөз  жеткізу,  сеніптапсырылған бөтен  мүлікті  иеленіпалу  немесе  ысырапету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды  беругене  қате  аударуғасатып алу,  лауазымды  адамдардыңсот  үкімін,  сот шешіміннемесе  өзге  десот  актісін  орындамау, осындай  қылмыстардыңбарлығы  жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Cыбайлас  жемқорлықпенпәрменді  күресу үшін  халықтыңқұқықтық  сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі менсапасын  арттыру  керектігініңмаңызы  зор. Халық  өздерініңқұқықтарын,  өздеріне  қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда  қандай  іс-қимылқолдану  керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сыбайласжемқорлықпен  күрес  уақытөткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда, аталған   қоғамдық індеттің  алдыналу,  жемқорлыққа  қарсы мәдениет  қалыптастыруқажеттілігі  айрықша күн  тәртібінешығып  отыр.  Себебі,жемқорлық фактілеріқарапайым  жағдай  емес,ол  елдің әлеуметтік-экономикалық  әлеуетінәлсірететін,қоғамдыәділетсіздікке  үшырататын  асақауіпті індет.  Сондықтан,  парақорлықпенкүрестің жылдар бойы жалғасуы заңды қүбылыс. Ел  мақсатымемлекеттің  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  саясатыныңтиімділігін арттыру,  сыбайлас  жемқорлықтыңкез  келген көрінісіне  «мүлдемтөзбеушілік»  ахуалын қалыптастыру  арқылы  сыбайласжемқорлыққа қарсы  қозғалысқа  бүкілқоғамды  тарту  болып табылады. Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін  арттыру,  халықтыңқұқықтық мәдениетінің  деңгейін  көтеруде  аталған құжаттың басты міндетіне жатқызылған. Әрине, сыбайлас  жемқорлықпен  күресжолында  оның алдын алу жұмыстарына көбірек мән берген жөн. Ол үшін жемқорлық көріністерінің белең алуына түрткі болатын факторларды анықтап, мейлінше аурудың алдын алған абзал. Сондықтан  сыбайлас  жемқорлықпенкүресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Жаңақорған аудандық СЭББбасшысыШ.Айдарова
12 маусым 2026 ж. 44 0