» » Талғат Зейдалиев ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне кірісті

Талғат Зейдалиев ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне кірісті

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің 2021 жылдың 19 ақпанындағы №138-ж/қ өкімімен Талғат Бимағанбетұлы Зейдалиев аудандық ауыл­шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Талғат Бимағанбетұлы 1969 жыл­дың 20 тамызында Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылында өмірге келді.
1976 жылы №195 Жайылма сегіз­ жылдық мектебінің табалдырығын аттап, 1986 жылы №52 Красная Звезда (бүгінгі Сүттіқұдық елді мекені) мектебін бітіріп, совхозда жұмысшы болып еңбек жолын бастады.
1987 - 1989 жылдары Кеңес әс­кер­інің қатарында болды. 1991 жылы "Красная Звезда" совхозында ветеринарлық санитар  болып жүріп, Қызылорда совхоз - техникумында "зоотехния" мамандығы бойынша маманданды. 1996 - 1998 жылдары «Жайылма үлестік кооперативінде» зоотехник, 1998 - 2002 жылдары «Төлес» шаруа қожалығында егіс бригадирі, «Жайылма» ЖШС-нің есепші қызметін атқарды. 2009 жылы Шым­кент әлеуметтік педогогикалық университетін «Экономика» маман­дығы бойынша жоғары білім алды.
2002 жылы "Қыркеңсе" ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қыз­метті бастады.
2005 жылы "Жайылма" ауылдық округі әкімдігінің бас маманы, 2013 жылдан бастап қазірге дейін "Жайылма" ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
24 ақпан 2021 ж. 826 0