» » «Сапалы және дұрыс тамақтану»

«Сапалы және дұрыс тамақтану»


Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі.
Денсаулық ол басты байлық. Денсаулықты күтудің негізгі белгілері — дене белсенділігі және сапалы дұрыс тамақтану. Сапалы тамақтану организмнің қоректік заттарға деген физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастырады.  Дұрыс тамақтану түрлі аурулардың алдын алу, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру және белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты өмір салтының бірі- дұрыс тамақтану жатады. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану дегеніміз – аз-аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе тым артық ішу де ағза үшін зиянды. Тамақты жиі қабылдау, майлы, тәтті, тұзды тағамдарды пайдалану да зиянды. Олардың бірі семіздікке, кейбіреуі асказан, бауыр, бүйрек ауруларына әкеп соқтырады. Жастар мен балалар үшiн ең сүйiктi тағамдар – балмұздақ, тәттi нан, чипсы, кока-кола, поп-корн, донер, шаурма, пица болып тұрғаны белгiлi,  бiздiң мақсатымыз – жасөспiрiмдердi денсаулығы мен ағзасының жетiлуiне қажеттi тағамдармен қоректенуге дағдыландыру. Қазіргі кезде көшеде кетіп бара жатқан  жасөспірімнің, балалының қолынан көретініміз осы.Тамақты мезгілімен қабылдамаудың денсаулық үшін зияны көп, мұндай жағдайлардың қайталана беретін болса, адамның асқазаны ауруға шалдығады. Тамақтың түрлерін (меню) жасағанда күн сайын әзірленетін асты таңертеңгі, түскі немесе кешкі асты түрлендіріліп әзірлеу және оларды алма-кезек ауыстырып әзірлеудің зор маңызы бар. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс. Бірінші және екінші ыстық  тамақтың  температурасы  шамамен 50  С  болуы тиіс. Негізгі  тағамдарды  ішу  арасында  тәтті тағамдарды  жемеу  керек, өткені бүлар  тәбетті,  ішек- асқазан  жолы жұмысының ырғағын  бұзады. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы
Тәбетпен өз мезгілінде ішпеген және жүре жүріп ішіп-жеген құрғақ тамақ ас болмайды.Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз жөн. Ішкен астың қорытылып, бойға сіңуі мен қоректік заттардың тотығуы тәуліктік биоритмдерге сәйкес келетінін есте ұстаған жөн.Тамақ ішкен уақытта бәрін, әсіресе көңілге қаяу түсіретін жайларды ойламаған жөн. Ас ішіп отырып смартфон қарауға, газет-журнал оқуға да болмайды, себебі бұл жай тамақ ішуге кедергі келтіреді. Тамақты асықпай, мұқият шайнап жұтқан дұрыс, жақсы шайналған тағам бойға жақсы сіңіп, асқазанға да күш түсірмейді.
Сондықтан дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Омарова Г.Ж.
Жаңақорғанаудандық
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасыныңжетекші  маманы
12 маусым 2026 ж. 49 0