№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өтегеннің түс жоруы

Өтегеннің түс жоруы

Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп:

— Оу, бұл кімнің үйі? — депті.
«Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық» деп ойлап таяқшы:
— Не іздеп жүрсің, кім керек? — дейді.
— Алпыс атаным бар еді, ішінде ақбас бурасы бар еді, соны жоғалтып, іздеп келем, — депті Өтеген батыр.
Мұны естіген Абылай хан:
— Мынау Құбыл екен ғой, — деп оң жағына отырғызып алып, түсін айтады. (өтегенді жақындары «Құбыл» дейді екен).
— Түсімде атым өліпті. Оның ішін жарып едім, қасқыр шықты, қасқырдың ішін жарып едім, түлкі шықты. Түлкінің ішін жарып едім, борсық шықты. Шешуін таппай тұйыққа тіреліп отырмын, — дейді Абылай хан.
— «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деуші еді. Алпыс биіңмен жүз кісісіз. Соны шеше алмай отырып, қазақты қайтіп басқарасыз? — дейді өтеген.
Бұған іркіліп қалған Абылай:
— Ендеше өзің айтшы. Қайтіп ел боламыз? — дейді. Сонда Өтеген батыр:
— Атың өлсе, бұл заман тұлпар заман, ішінен қасқыр шықса, бұдан кейін қасқыр заман болады. Оның ішінен түлкі шықса, түлкі заман болады. Оның ішінен борсық шықса, борсық заман болады, бір жолмен барып, бір жолмен қайтатын, адал-арамы аралас болады, — деген екен.
23 қараша 2019 ж. 756 0