№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Өткенге тағзым, ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге

Өткенге тағзым, ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге


Бүгін Руханият орталығына 40 жылдық түлектер кездесуіне орай бас қосқан М. Қаратаев атындағы мектептің шәкірттері арнайы ат басын бұрып, кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қонақтар жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен, ауданымыздан шыққан көрнекті тұлғалар туралы құнды кітаптармен танысып, рухани қазынаға деген қызығушылықтарын білдірді.
Әсіресе, шәкірттердің өздеріне білім мен тәрбие берген аяулы ұстаздарын төрге оздырып, ерекше құрмет көрсетіп жатқан аға-апаларымыздың өнегелі ісі көңілге жылылық сыйлады. Ұстазға деген ілтипат пен ізет – ұлттың рухани биіктігінің айғағы екені тағы бір мәрте көрініс тапты.
Ұстазын ұлықтап, өткенін қадірлеген, руханиятқа құрметпен қарайтын осындай азаматтарға алғысымыз шексіз. Ұрпақ сабақтастығы мен адамгершілік құндылықтары салтанат құрған бұл кездесу жүректерде жылы әсер қалдырды.
Айшолпан НҰРМАШ
21 маусым 2026 ж. 177 0