ШАЛДЫҢ ҮШ ТҮРІ БАР. ОЛ ҚАНДАЙ? Бұл сұраққа кезіңде Сырым батыр жауап беріпті. Оқиға былай болады: Сырым батыр бірде Бөкен биге арнайы сәлем бере барса қарт:– Қай баласың? – депті.– Даттың баласымын – Сырым.– Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен – ау! – дейді Бөкен.– Отындық ағаштан оқтықмүскін шығады дегенІ Шалдың үш түрі болады деуші еді: қадірсіз шал, қазымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысың? – депті Сырым. Сонда Бөкен қарт селк етіп:– Балам, қадірсіз десең – халқымнан сұра, қызымыр десең – қатынымнан сұра, қыдырма десең – көршімнен сұра? Оқиғалар 21 қыркүйек 2018 ж. 2 767 0