№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Психологиялық тест: Қаржылық жағдайыңыз қандай?

Психологиялық тест: Қаржылық жағдайыңыз қандай?

Суретте көрсетілген ақша толы қапшықтың бірін таңдап, сіздің қаржыны қалай жұмсайтыныңызды анықтауға болады. Психологиялық тест бойыңыздағы қабілеттерді анықтап, ақшаны тиімді жұмсауда көптеген жайтқа назар аударуға көмектеседі. Олай болса, өзіңізге ұнаған қапшық нөмірін таңдап, тест жауабын оқыңыз.

1-қапшық
Көп жағдайда азға қанағат етпейсіз. Қаржыңызды өзіңізге қызық және өзіңізді қуантатын сапалы дүниелерге жұмсайсыз. Сіз үшін дүкеннен алар заттың бағасы емес,сапасы маңызды. Қаржыңызды қалай көбейту керек екенін білетін, оны өз орнымен жұмсай алатын адамсыз.
2-қапшық
Сіз қаржыңызды тек тұрмыстық маңызы бар заттарға жоспарлап, сол қажеттілікке жұмсайсыз. Басқа артық заттарға қаражат жұмсау сіз үшін сирек жағдай. Демалысқа немесе өзіңізге ұнаған заттарды алуға тырыспайсыз. Дәл осы бағытта жұмсалатын ақша сіз үшін артық шығын болып көрінеді. Себебі ақшаңызды барынша алдағы күнге сақтауға тырысасыз.
3-қапшық
Ақшаңызды жақындарыңызды қуантуға, достарыңызға көмектесуге, сүйікті жаныңызға жылулық сыйлауға оңай жұмсай аласыз. Және сол жандарға бақыт сыйлауға барынша тырысып, көп уақытыңызды сарп етесіз. Десе де, өзіңізді мүлде ойламайсыз. "Өзіме ол затты кейін де алармын..." деп жүре беретін адамсыз.
4-қапшық
Тапқан табысыңызды көңіліңіз қалап тұрған тәттіге, көз қуантатын ұсақ-түйекке бірден жұмсай аласыз. Ертеңгі күнді ойламастан, қолыңыздағы барды уақытша қызыққан затқа беруге дайынсыз. Кейін өкінгенмен, қолыңызға қайта қаржы түссе, бұрынғы әдетіңізге басасыз. «Қара күнге»  ақша жинау, болашаққа ақша сақтауды мүлде ұнатпайсыз.
5-қапшық
Қайырымдылық жасаудан алдыңызға жан салмайсыз. Сіз біреуге көмек қолын созбасаңыз, кейін өзіңізді кінәлі сезінесіз. Жақсылықтың қайыры болатынына сенетін және сабырмен күтетін жандардың қатарынансыз.
6-қапшық
Қарыз алғанды ұнатпайсыз. Ақшаны тек жеке басыңыздың мақсатын жүзеге асыру үшін жұмсайсыз. Сізді көп адам сараң деп ойлауы мүмкін. Десе де, олар сіз сияқты тапқан табыстың қадірін түсініп, өз ақшасына есеп бермейтін жандар.
07 шілде 2021 ж. 20 326 0