№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сырым сөзге қалай жеңілді?

Сырым сөзге қалай жеңілді?


Сырым жолаушылап келе жатып бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі қарт адам екен. Сырым жолдасына қарап:

– Апырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау! – дейді.
Сонда келіншек сөзге түсіне қойып:
– Батыр, сіз бюір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз әр нәрсе өз уағында емес пе? – депті.
Сырым бір жақтан шөлдеп келе жатып, бір үйден сусын ішіпті.
– Апырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой! – депті Сырым маңдайының терін сүртіп.
 – Жоқ, батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім, – депті үй иесі.
19 қыркүйек 2018 ж. 1 774 0