№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстарамен шаш алдыру немесе Мүбарак шал

Ұстарамен шаш алдыру немесе Мүбарак шал


Бала күнімде менің ең бір жек көретін нәрсем ұстарамен шаш алдыру еді. Ол деген бір кешіп бітпейтін кешу, өлмей жанды қинайтын тірі тозақ сықылды сезілетін. Әкем мен шешем қашанғы бір шашымды сыпырып біткенше мен бақырып-шақырып, жұлқыланып, төбелесіп үйдің шырқын алып бітетін едім.
Дәл сондай кезекті бір шаш алдырған күні шашымды жартылай алдырып, жартысын алдырмастан далаға қарай тұра қашпақшы болып едім алдымнан қарсы кірген бір адам ұстап қалды да «Тәйт» - деп ақырып жіберді. Жалт қарасам біздің өлкеге әйгілі қыңыр мінез Мүбарак деген шал екен. Екі бүктеп ұстаған өрмелі қамшысын маған қарай шошаңдатып отырып:
- Арқаңды тіліп жіберемін, тыныш отырып шашыңды алдыр – деп қорқытты. Сол кісіден қорыққанымнан жылып-сықтап отырып әйтеу алдырдым-ау. Содан басымды сабындап жудыртып сора-сора болған жасымды сүртіп жатыр едім, маған қарап басын шайқап жымия күлген Мүбарак шал мені қасына шақырып, алдындағы дастарханнан бір уыс тәтті ұсынып жатып:
- Әттең ақымақ балам-ай, тек осы үшін ғана көл-көсір еткен қайран көздің жасы. Жігіт адамсың соған да жылайсың ба. Бас аман болса шаш өседі ғой. Жігіт деген, әсіресе қазақтың жігіті деген шашын алмақ тұрғой басын алса да жыламас болар. Сенің атаң Ақымбек тірідей терісін сойдырғанда қыңқ етпеген батыр болыпты, ал сен жасықтықты қайдан алдың бәтшағыр...
Басыңда темірдей қайратты шашың болып оны қылпылдаған өткір ұстарамен сыпыртып отырудың өзі жастықтың бір айнымас белгісі емес пе. Күнің өтіп «кәрілік» деген албасты ауылыңа қоңсы қона бастағанда алдырайын десең де басыңда шаш қалмайды. Немесе ұстарасыз өзі түсіп бітеді – деп шашы түскен жалтыр басын сипалап қойды...
Содан бүгінге дейін бұл ғазез бас не көрмеді, өткір ұстарамен сыпыртпақ түгіл төбелес үстінде уыс уысымен жұлдырып та көрді. Қараңғы түнде байқаусыз қақ төбеден күрекпен ұрғызып шаштың жартысын құйқасымен сыпырып та әкетті... Сонда да мен анау әкем ұстарамен шаш алғандағыдай жылағам жоқ. Әйтеу бас орнында болған соң бәрін уақыт емші жазып өз орнына келтірді.
Сол ұстарамен көп қырғызғанның пайдасы ма екен менің шашым қалың және қайратты болды. Құдайға шүкір самайыма әлі ақ кіре қойған жоқ. Тек жасым елуден асқан бүгінгі күндері тараған сайын тал талымен жұлынып түсіп жатқан шашымды көріп сол балалық шағым мен Мүбарақ шалды еріксіз есіме түсіріп ішімнен бір мырс етіп күліп қоямын.
Шынында да неменеге жылайды екем деші. Кіршіксіз балалық шақтың еркелігі ғой баяғы. Енді бүгін бә-ә-әрі арман.


«Аңыздың жасыл әлемі» кітабынан дайындаған Лаура Бибасарова
20 қараша 2019 ж. 1 112 0