№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АНАНЫҢ ҚАРҒЫСЫ

АНАНЫҢ ҚАРҒЫСЫ

Баяғы заманда атағы төрткүл дүниеге жайылған ғалым болған екен. Өкінішті жері ол ғалымның бір аяғы шолақ болғандықтан ылғи балдаққа сүйеніп өмір кешіп жатыпты.
Күндердің бірінде, ел болып жиналып ғалымнан аяғының шолақ болу себебін сұрапты. Ғалым мұңайып отырыпты да, көзіне жас алып басынан өткен әңгімесін баяндапты. Мен бала кезімде асқан сотқардың өзі едім. Басқа балаларды жәбірлеп, үлкендермен тайталасқанды әдетке айналдырғам. Сабақты жақсы оқитынмын. Сондықтан да басқаларды бойыма тоғытпайтынмын. Тіпті әке-шешеме де қарсы келетін кездерім жиі ұшырап жататын. Бір күні ашық тұрған есіктен бір торғай үйдің ішіне ұшып кірмесі бар ма? Қуанышымда шек жоқ. Есікті жаба қойдым да, торғайды қуа жөнелдім. Торғай байқұс шыр-шыр етіп терезеге бір, есікке бір соғылып жанталасты. Мен оған мәзбін. Бір уақытта торғай далаға қашып шығам деді де әйнекке соғылып жерге құлап түсті. Мен ұстап алдым. Әлі тірі екен. Жүрегінің болымсыз дүрісілін менің мейірімсіз алақаным сезіп тұр. Сөйітсем, үй маңынан жем іздеп жүрген бейшара, қаршығадан қорқып үйге пана іздеп кірген екен. Бір аяғынан жіп байлап, далаға алып шықтым да ермек еттім. Торғайды қоя бере салам, пырылдап көкке ұшады, жіпті қайта тартып кеп қалам, үзіп кете алмай құлап түседі. Бұған мен төбем көкке жеткендей қуанам. Ошаққа нан пісіріп жүрген шешем қайтып көре қойғанын білмеймін: — Әй, Сәбит деді алыстан айғайлап, андағы бейшараны қоя бер. Обалына қаласың? Қоя бер деймін қинама деді. Мен шешемді елең құрлы көрмей, сайқымазаққа айналдырып, ашулы бейнесін қызықтадым. Осылайша торғайды ермек қылуды жалғастыра бердім. Шешем тағы айғайлады. Мен тыңдамадым. Бірде торғай көкке қарай, бар күшін жинап ұша жөнелді. Мен жіпті тартып қалдым. Торғай кілт тоқтады да, қанаты далбырап алдыма топ ете түсті. Мен жіп үзілген екен десем, жіп емес торғайдың бір сирағы үзіліп кеткен екен. Жерде шиық-шиық етіп жанталаса тыпырлап жатыр. Мұны көрген шешем «Аяғың жұлыңғыр, бұл қай қылығың?»-деп қарғап жіберді. Бұл қарғыс менің жадымда мәңгі сақталып қалды. Жылдар жылжып өтіп жатты. Мен ғұлама ғалым болдым. Ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс болды. Жалпақ елді аузыма қараттым. Тіпті хан екеш, ханның өзі менен жиі ақыл сұрайтын. Бірақ, шешемнің сол бір ауыз қарғысынан аса алмадым. Анамның айытқаны келіп, көп жылдан кейін мен де, сол торғайдың күйін кешіп, бір аяғымнан айырылып, мүгедек болдым да қалдым. Өмірде мұнан өткен азап жоқ екен. Сүйгеніме қосыла алмадым, достарыммен теңесе алмадым. Сыртымнан біреуі күліп, біреуі табалап жатады. Ауру азабы өз алдына әңгіме. Қатты өкінем. Аяғымның шолақ болғанына қайғырам. Қап, әттеген-ай, шешемнің тілін алсам мұндай күйге түспес едім. Ата-ананың қарғысын алған өте жаман болады екен – деп, күрсіне әңгімесін аяқтады. Ел үнсіз қалды. Ғалым көзінің жасын сүртіп қойып балдағына сүйеніп, шойнаңдап кетіп бара жатты.

Материал vk.com әлеуметтік желісінен алынды.
28 мамыр 2019 ж. 1 437 0

Ұқсас жаңалықтар: