» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

        
Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3 бөлігімен сотталушы Б.қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы Б. 2016 жылдың 31 шілде күні «Мерседес-бенц» үлгісіндегі автокөлігін басқарып  шамамен сағатына 96 километр жылдамдықпен жүргізіп, жел әсерінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың шаңғып кетуіне байланысты орнатылған «солға жүру» нұсқаушы жол белгісін көрмей, жоғарғы жылдамдықтың әсерінен көліктің жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауға мүмкіндігі болмай, кедергіні көрген сәттен бастап жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтпай, жол белгісі талаптарын орындамай тежеусіз өтіп кеткен, алайда шектеуден асқан жоғары жылдамдықтың әсерінен көлікті қалыпты басқара алмай, Хорасан-ата көшесінің сол жағындағы бетон бордюр мен темір қоршауға соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соның салдарынан көлікте отырған жолаушы Н. абайсызда алған дене жарақатынан қайтыс болған.
Сотталушы Б. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, бұл қылмысты абайсызда жасағанын, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын көрсетті.
8 маусым 2018 жылғы сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 5 жылға автокөлік құралын басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының 1 бөлігіне және 7 бабының 3 бөлігіне сай, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды.
Үкім заңды күшіне енбеген
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.             
19 маусым 2018 ж. 5 341 590

online pharmacy reviews от 19 қазан 2022 19:14

cheap canadian pharmacy от 22 қазан 2022 18:33

canada pharmacy online от 24 қазан 2022 05:26

canadian pharcharmy от 24 қазан 2022 20:08

viagra tablets от 31 қазан 2022 20:34

ivermectin uses от 17 қараша 2022 20:19

stromectol for sale от 19 қараша 2022 09:26

cheap cialis paypal от 24 қараша 2022 01:12

what is cialis от 25 қараша 2022 02:29