Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотымен сотталушыға іздеу жарияланды

Жаңақорған аудандық сотымен сотталушыға іздеу жарияланды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен айыпталған сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес сотталушы Б. алдау жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденіп, жәбірленуші С.-ға төменгі пайызбен 3 000 000 теңге несие алып бере алатындығы жөнінде жалған мәлімет айтып, 110 000 теңге ақшасын алдап алған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен сотталушыға «Келу туралы міндеттеме» түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылған, ол сот отырысының болатын уақыты мен орны жайлы тиісті тәртіппен хабардар бола тұра, екі рет сот отырысына белгісіз себептермен келген жоқ. Басты сот талқылауын өзінің қатысуынсыз қарауды немесе кейінге қалдыруды өтінген жоқ, ол сотқа келмеу себептері жөнінде немесе алдағы уақытта келмей қалуы мүмкін екені туралы хабарламаған.
Сот қаулысымен сотталушы Б.-ға іздеу жарияланды, оған «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды және қылмыстық іс Жаңақорған ауданының прокурорына жолданды.
Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Дәріқұлов
09 ақпан 2018 ж. 1 346 0