№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу

Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу



      1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргізедi.
      Жеке табыс салығының сомасы осы бөлімге сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
      2. Жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
      3. Салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
      4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару осы құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
      5. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомасын оны ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
2026  жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексі бойынша жұмысшылардың жалақысынан ұсталатын жеке табыс салығы кәсіпкердің салық режиміне қарай өзгермейді , салық кодексінің жалпы тәртібімен есептеледі . Бұл 43 –тараудың 425-446 баптарында реттелген.
426-бап -жұмыскердіңжұмыс беруші –салық агентіненалатын кірісін  белгілейді.
429- баптажұмыскердің төлем көзінен ұсталатын салық салынатын кірісін азайту қарастырылған.
437-бап –салық агентінде салықтық  шегерімдерді қолдану  тәртібі туралы.
439-бап – төлем көзінен жеке тұлғаның  салық салынатын кірісінің сомасын анықтау тәртібі көрсетілген .
440,441-баптарда ЖТС есептеліп, ұсталып және бюджетке төленеді.
363-бапқа сәйкес  жеке тұлғалардың  табыстарына прогрессивті  мөлшерлеме енгізілді.  Күнтізбелік жыл ішінде салық салынатын табыс 8500 АЕК-ке дейін болса( 36 762 500), ЖТС мөлшерлемесі -10 пайыз. Ал 8 500 АЕК асқан жағдайда шекке дейінгі табысқа 10 пайыз, ал одан асатын бөлігіне 15 пайыз қолданылады.
437-бапқа сәйкес , салық агенті тиісті құжаттар болған кезде  базалық және  әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолданады.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Әбжанова Әлия Оразалықызы
05 қараша 2026 ж. 46 0