ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен іс шаралар жоспарына сәйкес, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Рейдке аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық білім бөлімі, мектеп директорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысы, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің сақталуы назарға алынды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарында заң талаптарының орындалуы тексеріліп, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – ортақ міндет. Осы бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.


