№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды


Жаңақорған аудандық сотында 16 қаңтар 2018 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307- бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Б-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.


Іс бойынша сотталушы Б. Жаңақорған кентінде ғимаратты жалға алып, ойын клубын заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырып, ол ғимаратқа өзінің екі дана компьютер процессоры мен мониторын әкеліп, электрондық және интернет-казино ойын мекемесін ашқаны анықталды.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.


М.Тұрғанбекұлы,

Жаңақорғанаудандық сотының аға приставы.
23 қаңтар 2018 ж. 1 723 0