» » Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды


Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық терiс қылық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, 13 ақпан 2018 жылы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Жаңақорған-Шиелі» станциялары аралығында жолаушылар поезын «Жан» атты қызметтік итпен тексеру барысында сотталушы Ж.-дан газет қиындысына оралған есірткі зат - жалпы салмағы 3,55 грамм «кептірілген марихуана» алынған. Сотталушы есірткі затын Шымкент қаласында бір көшеде тауып алып, оны өзі тұтыну үшін қалтасына салып алған, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Тұрғанбекұлы.
16 наурыз 2018 ж. 1 143 0