№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында электронды нысанда қылмыстық іс қаралды.

Жаңақорған аудандық сотында электронды нысанда қылмыстық іс қаралды.


  Жаңақорған аудандық сотында  25 сәуір 2018 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен сотталушы Д. қатысты қылмыстық іс электронды нысанда қаралды.
  Іс құжаттарында анықталғандай сотталушы Д. Жаңақорған аудандық сотының 02 маусым 2017 жылғы қаулысымен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бол тұра, 03 сәуір 2018 жылы сағат 17:10 шамасында Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылы М.Көкенов көшесінің бойында «Audi A6» үлгісіндегі автокөлікті мас күйінде басқарған.
  03 сәуір 2018 жылғы алкогольмен масаю күйін анықтау туралы медициналық қорытындысына сәйкес, сотталушы Д. «орта» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық әрекеттерін жасаған.
 Сотта, сотталушы Д. кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта ондай әрекеттерге бармайтынын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3жыл мерзімге айырыла отырып, 170 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Дәріқұлов.
10 мамыр 2018 ж. 1 078 0