«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін облыс көлемінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруды мақсат еткен игі шараға өңір жұртшылығы белсенді қатысты.

Тазалық акцияларына қала және аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жастар және еріктілер ат салысты. Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Тазалық шарасы – тек айналаны күл-қоқыстан арылту ғана емес, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырудың маңызды тетігі. Өйткені туған жердің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы – баршаға ортақ міндет.