№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 2026 жылғы арнаулы салық режимдері

2026 жылғы арнаулы салық режимдері



          Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексінің 715-бабына сәйкес егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың және осы бөлімнің ережелеріне сәйкес келген кезде салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің бірін таңдауға құқылы:
№Арнаулы салық режимдерінің түрлеріСубъектілерШекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)Мөлшерлеме, кіріс %-ыҚызмет түрлері/жер учаскесінің болуы
А12345
1Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміжеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастарбір айда 300жеке табыс салығы – 0
әлеуметтік төлемдер – 4*
арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі
2Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимідара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларыбір жылда 600 0004% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы
және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*
арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі
3Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимішаруа немесе фермер қожалықтары-жеке табыс салығы – 0,5Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде
Жүктеу
      *Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:
      1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
      2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Әбжанова Әлия Оразалықызы
05 қараша 2026 ж. 42 0