МҰРАТ ӘБЕНОВ ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына жұмыс сапары аясында №286 мектеп-лицейінің тыныс-тіршілігімен танысып, педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру.
Басқосу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, педагогтердің артық есептілігін азайту, білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу және саланы одан әрі дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Бұдан кейін Мұрат Әбенов «Жаңақорған Шипажайы» АҚ ұжымымен кездесті. Жиында Жолдауда айқындалған басым бағыттар мен алдағы міндеттер талқыланды.



