» » Әкеге сағыныш

Әкеге сағыныш



ӘКЕ – АСҚАР ТАУЫМ!
«Әке». Осы бір ауыз сөздің қандай құдыреті бар десеңізші! Болмыс-бітімі мен, қабілет-қасиетінен үлгі-өнеге болатын әкенің орны қашанда биікте...
Расында, әкем Сейдахмет Тұрманұлының жүрген-тұрысы, сөйлеген мәнерінен азаматтықты, адамдықты, елшілдікті көрентінбіз. Осындай қасиеттерінен ұл-қыздары ғана емес, талай жастар бой түзеді...
Осындайда әкеме ақын Ақын Мейірбекұлы арнаған өлеңі ойымда жаңғырып отыр:
– Кім білмейді Сейдахмет аға сізді,
Біз емес халқың берген бағаңызды.
«Ағасы бардың жағасы бар» – дейді халқым,
Таптың талай жайлаудай жағаңызды.
Көрігін қыздырып кеп мәнді сөздің,
Төредей отырасыз төрде өзің.
Кең дастархан жайдырып қонаққа ылғи,
Ұмытылмас кең пейіл сондай кезің...
Көзі тірісінде ақын-жазушылардың назарына ілігіп, туындыларына арқау болу кез-келген адамның бағыны бұйыра бермейтіні шындық. Мұндай құрметке лайық болуы да түсінікті-ақ.
Әкем отбасында үлкенді сыйлау, құрметтеу қажеттілігін үйретуді назардан түсірген емес. Әрі ағайынның арасындағы мәселелерді әділ шешіп, жөн сілтеп отырушы еді.
Әкем талапшыл, қатал болғанымен, әзілді де жат көрмейтін. Замандасы Мұсабек Әшімұлы:
– Уа, Сәке, азаматсыз Құдай деген,
Тірлігің көпшілікке ұнай берген,
Халыққа қызмет етіп, құрмет көрдің...
– деп әкемнің көпшіл қасиетін бағалаған еді.
Әкемді қалай айтсамда, қалай жырласамда жақсы қасиеттерін жеткізе аламын ба, қайдам?
– Әкешім – асқар тауым
Жан әке, Асқар тауым жарқыраған,
Жарық дүние есігін сыйлап едің өзің.
Жүзі жарқын болып жүрсін маған мықымның деп,
«Ақжарқын» деп есімімді өзің қойған.
Тәрбиелеп, өсірдің аяладың,
Қамқорлығыңды біздерден аямадың.
Ағайынның тіледің амандығын,
Бәрініңде ойладың адалдығын.
Таңымыз атып күніміз батып жатыр баяғыдай.
Ортамызда өзің жоқсың әкетайым баяғыдай.
Мұңайған сәттерімді ұмыттырып,
Ақылыма ақыл қосып жұбатушы ең,
Арқа сүйер асқар тауым әкетайым.
Әкешім, асқар тауым сая бағым,
Сағынып, сарғаяды артыңда қалған балаларың,
Өзің салған сара жолмен жүріп келем,
Риза бол жан әкем асқар тауым!
Әрбір ісіме бағыт бағдар беріп, ақылыма ақыл қосып, ризашылығын білдіріп, бойыңды тік ұста, мойыма жақсылық пен жамандықты айыра біл! – деп үлгі-өнеге, ақылын айтып отыратын.
Өзім қаламгер болмасам да, шағын ғана материалда әкеге деген құрметті, сағынышты жеткізгім келді.
Ақжарқын СЕЙДАХМЕТҚЫЗЫ.
02 тамыз 2019 ж. 2 697 0