№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ӘКЕ – АСҚАР ТАУЫМ

   Әке. Осы бір ауыз сөзде қандай құдіреті бар десеңізші! Болмыс-бітімі, қабілет-қасиетімен үлгі-өнеге болатын әкенің орны қашанда биікте...  
   Расында, әкем Сейдахмет Тұрманұлының жүрген-тұрысынан, сөйлеген сөзінің мәнерінен азаматтықты, адамдықты, елшілдікті көретінбіз. Осындай қасиеттерінен ұл-қыздары ғана емес, талай жастар бой түзеді...


  Осындайда әкеме ақын Әкім Мейірбекұлы арнаған өлеңі ойымда жаңғырып отыр:
– Кім білмейді Сейдахмет аға сізді,
Біз емес халқың берген бағаңызды.
«Ағасы бардың жағасы бар» – дейді халқым,
Таптың талай жайлаудай жағаңызды.
Көрігін қыздырып кеп мәнді сөздің,
Төредей отырасыз төрде өзің.
Кең дастархан жайдырып қонаққа ылғи,
Ұмытылмас кең пейіл сондай кезің...
Көзі тірісінде ақын-жазушылардың назарына ілігіп, туындыларына арқау болу кез-келген адамның бағына бұйыра бермейтіні шындық. Әкемнің мұндай құрметке лайық болуы сол тұла-бойы тұнған тазалығының тартуы болар...
Әкем отбасында үлкенді сыйлау, құрметтеу қажеттілігін үйретуді назардан түсірген емес. Әрдайым ағайынның арасындағы мәселелерді әділ шешіп, жөн сілтеп отырушы еді.
Ол кісі талапшыл, қатал болғанымен, әзілді де жат көрмейтін. Замандасы Мұсабек Әшімұлы:
– Уа, Сәке, азаматсыз Құдай деген,
Тірлігің көпшілікке ұнай берген,
Халыққа қызмет етіп, құрмет көрдің...
– деп әкемнің көпшіл қасиетін бағалаған еді.
Менің де көңілімдегі қайран әкеге деген бітпес сағынышымды өрнекті сөзге айналдырғым келеді-ақ, бірақ одан әкемнің жақсы қасиеттерін жеткізе аламын ба, жоқ па?

Жан әке, асқар тауым жарқыраған,
Әр сөзің өзің болып туар алдан.
Білмеймін, жүрмін бе ақтап үмітіңді,
«Ақжарқын» деп есімімді өзің қойған.
Тәрбиелеп, өсірдің аяладың,
Жылуын жүрегіңнің аямадың.
Тіледің ағайынның амандығын,
Тіледің перзентіңнің адалдығын
Дархан көңіл, тау мінез пейіліңмен,
Даладай кең, сарқылмас мейіріңмен
Тірек болып жаныма жалау болып,
Жаурағанда жеңісіме сүйініп ең.
Әкеден перзентінің бөлек жаны,
Өзің ең жанашырым, ақылманым.
Өзің салған жолменен жүріп келем,
Риза боп, жан әкешім, асқар тауым!
Әрбір ісіме бағыт бағдар беріп, ақылыма ақыл қосып, бойыңды тік ұста, мойыма, жақсылық пен жамандықты айыра біл! – деп өз ұстанымымен ұлық жол көрсетіп, разылығын беріп кеткен аяулы жан туралы тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Әйтсе де, әкем жайлы сағыныш-шердің бір үзік қайырмасы осындай.

Ақжарқын СЕЙДАХМЕТҚЫЗЫ.
19 қараша 2018 ж. 3 519 0