№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұхтар Шаханов «Нұрсәуле» той ұйымдастыру орталығының директоры

Мұхтар Шаханов «Нұрсәуле» той ұйымдастыру орталығының директоры

  Атына заты сай болуға күш-жігерін жұмсап жүрген Мұхтар Шахановқа тоқталсақ. Ол – аудандағы той бизнестің дамуына айрықша атсалысып жүрген жас талант.

  Жастық жалынын туған жердің өркендеуіне арнаған Мұхтар Шаханов бүгінде жаңадан ашылса да, көпшіліктің көңілінен орын тауып үлгерген «Нұрсәуле» той ұйымдастыру орталығының директоры. Бастамашыл идеясы мен озық ойы арқылы ешбір мемлекеттік қолдаусыз кәсіп ашқан жас Мұхтар бүгінде үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып, көпшілік разылығын табуда.
Айта кетерлігі, оның өршіл ақын Мұхтар секілді өлеңмен таласы болмаса да, поэзияға деген құрметі мен ықыласы ерекше. Оған жастайынан жаттап өскен жыр жауһарлары дәлел болса керек. Ақындық ауылына мойын бұрмағанымен, ырғақты әуенге қоңыр дауысын қосып ән салатын жігіт, Мұхтар Шахановты пір тұтады.
– Адамның аты затына сай болу керек деген тәмсіл бекер айтылмаған ғой! Неғұрлым атың асқақ болса, соншалықты биік белеске талпынады екенсің. Бәлкім, небәрі 20 жаста жеке орталық ашып, той бизнесті дамытып жатқаным да есіміммен байланысты болса керек. Себебі, үлкендердің ылғи «Мұхтар Шаханов деген атқа лайық бол» деп айтатын сөзі жадымда жүрді. Сол әсерлі сөз әлі күнге дейін менің ар-намысымды қайрап, жігерімді жандырып келеді. Соның арқасында керемет атқа дақ түсірмей, тек жақсы теңеулер есту үшін тырысып бағудамын, – дейді жерлес Мұхтар.
Расында, жалынды жастың тіктеп сөйлеген сөзінен Мұхаңдағыдай реализмнің, ақиқат дауылының, таланттылық пен табандылықтың исі айқын сезілді. Ол ақын болмаса да, әнші-кәсіпкер ретінде Мұхтар Шаханов есімін күллі Сыр жұртшылығына танытып үлгерді. Иә, біз жүзін көріп, тілдескен жаңақорғандық Мұхтар Шахановтың бүгінгі бейнесі осындай.

Е.Райымбек.

11 сәуір 2019 ж. 1 015 0