№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас атауы: жылқы жасы қай жаста айтылған?

Жас атауы: жылқы жасы қай жаста айтылған?

                   Жас атауы: жылқы жасы қай жаста айтылған?
Жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рақаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін боранды тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен  бірнеше күн жүріп жылқыға ие болу, алдынан тосып, соңынан қалмайтын қалың қасқырға алдырмау, екі күннің бірінде тұтқиылдан лап қоятын жауға қасқая қарсы тұру, тек жиырма бес пен қырықтың арасындағылардың ғана қолынан келеді. Бұл кезді қазақ халқы сондықтан да «жылқы жасы» деген, бейнелеп айтсақ, мұны еңбекке баулудағы жоғары мектеп десе де болғандай.
                           Жас атауы: патша жасы...
Қазақта патша болыпты дегенді естімедік. Кейбір патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі – егіздің сыңары біледі. Ал қазақтағы «патша жасы» деген, әсілі, мынадан шықса керек. Жалпы, шығыс мұсылмандары «әлі ақылы қалыптаспаған» деп қырыққа келмегенді қолдарынан келген жағдайда да патша қойғызбаған. Яғни, қырықты «патша жасы» деуді біз солардан үйренсек керек. Негізінен қазақтар қырықты – қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтайды.
                  Құда түсу мәні
Құдалық ертеден келе жатқан дәстүр. Күйеу жігіттің әкесі баласымен, өзінің жақындарымен (кейде жігіттің әкесінсіз де) құда түсуге келеді. Құда түсу – өте қызықты өтеді. Құдалардың келуі «құда түсер» деп айтылады. Алдын ала ескерту бойынша қыз әкесі өз туыстары мен жақындарына сыйлас адамдарына хабарлайды. Құдаларды аса құрметпен, салтанатпен қарсы алады. Екі жақтың құдалары бір-біріне сыйлықтар тапсырып қуанышқа бөленеді. Бұл отырыста құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, т.б. салт-жоралар жасалынады. Жігіт жағынан келген ең сыйлы адам – бас құда, күйеудің және қыздың әкелері – бауыздау құда деп аталады. Бас құда жаңа жерге түскен келін үшін әр уақытта қымбат та сыйлы адам болады. Жас келін оны «ағеке» деп атайды, әрқашан құрметтеп жүреді. «Құда түсу» – өте мағыналы дәстүр, қазақтың нағыз ұлттық болмысын көрсетеді.
                         Сіз байғазы бересіз бе?
Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
02 тамыз 2019 ж. 970 0