№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең жас патшайым қалай өмір сүреді

Әлемдегі ең жас патшайым қалай өмір сүреді


Джецун Пема Вангчук Бутаннан шыққан әлемдегі ең жас патшайым. 28 жастағы патшайым бұл титулды 2011 жылы Джигме Кхесар Намгьял Вангчук патшаға тұмысқа шыққан соң иеленді. Ол Бутанда айдаһар патшасы атанған.

Ең қызығы, патша Оксфордта оқып жүргенінде өз әйелінің туысқан сіңлісімен кездесіп жүрген.
Джецун Пема Вангчук 21 жасында тұрмысқа шықты. Патша әйелін көп күткенін айтады. Өйткені оны алғаш көргенде 7 жаста ғана болған.
Бутанның бұрынғы басшылары көп әйел алуды қолдап келген. Алайда Джигме бұдан бас тартып, Джецун Пеманың жалғыз ғана әйелі болатынын айтты.
Олардың салты бойынша, патша мен патшайым өз сезімін халық алдында білдірмеуі керек. Алайда олар елдің көзінше құшақтасып, суретке де түседі.
«Ол керемет жан. Өте ақылды. Бізді бір бірімізге деген махаббат пен өнерге деген махаббат табыстырды», – дейді патша.
2016 жылы ақпанда патша отбасының тұңғышы өмірге келді. Оның туған күніне орай елде 108 ағаш отырғызылды. Тал еккендердің бірінің айтуынша, олар әр талға бала секілді қарайды.
Патшайымның өзі Үндістанда оқыған. Облыс бойынша өнер маманы саналады. Лондонның Regent’s College колледжінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алды. Өз тілі дзонг-кэден бөлек ағылшын, хинди тілінде еркін сөйлейді. Ол қоршаған ортаны қорғап, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жүреді. Қоғамдық істермен айналысып, мектептерге, балабақшаларға барады. Балалармен уақыт өткізеді.
Дереккөз: stan.kz
21 маусым 2018 ж. 1 028 0