Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жас атауы: жылқы жасы қай жаста айтылған?

Жас атауы: жылқы жасы қай жаста айтылған?


  Жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рақаты да жылқыда болған.

  Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін боранды тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен  бірнеше күн жүріп жылқыға ие болу, алдынан тосып, соңынан қалмайтын қалың қасқырға алдырмау, екі күннің бірінде тұтқиылдан лап қоятын жауға қасқая қарсы тұру, тек жиырма бес пен қырықтың арасындағылардың ғана қолынан келеді. Бұл кезді қазақ халқы сондықтан да «жылқы жасы» деген, бейнелеп айтсақ, мұны еңбекке баулудағы жоғары мектеп десе де болғандай.
18 наурыз 2019 ж. 2 025 0