№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Материалдық демеу, масылдыққа желеу ме?

Материалдық демеу, масылдыққа желеу ме?



Бүгінде қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.
Соңғы кездері әлеуметтік жаңғырту мақсатына көптеген игі іс-қадамдар жасалып жатыр. Бұл қадамдар бүкіл қоғамның әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты нәтижелерді талап етеді.
Әлеуметтік жаңғырту тіпті де мемлекет үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуі тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс.
Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан да еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде жаһандық бәсекелестік жағдайында алдыңғы кезекке шығуы тиіс.
Бұл жөнінде Елбасы халыққа арнаған Жолдауында: «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деп айқын көрсетіп берді.
Материалдық демеу масылдыққа желеу ме?
Еліміз өз егемендігін алып, есін жиып дамудың даңғыл бағыттарын белгілеген алғашқы кезеңнен бастап ең алдымен ел ішіндегі аз қамтылған отбасыларын ең төменгі күнкөріс көрсеткіші бойынша есепке алып, демеу шараларын белгілеуге кірісті. Сөйтіп атаулы әлеуметтік көмек деген термин пайда болды. Осы жәрдем түрін алуға тілек білдіріп, қаз-қатар кезекке тұрған көптің арасынан өзіміз көріп жүргендей күнкөрісі тәп-тәуір, жағдайы толық тұлғаларды байқағанымызда еріксіз бас шайқағанымыз жасырын емес.
Мұны еңбексіз табыс табуды жек көрмейтін ... бір көрінісі деуге болар еді. Бірақ мұның екінші жағы бар екенінен әлгі бауырларымыздың бейхабарлығы өкінішті. Өздері жалпақ тілмен «кедейгершілік» деп ат қойып алған әлгі көмекке түрлі жолмен қол жеткізіп, біреудің несібесіне ортақ болған әлгіндей жандардың уақыт өте келе шынымен тұрмысы тұралап, нағыз үкіметтік жәрдемге зәру күйге түскен жай-күйлеріне қарап «әттеген-ай» дегеннен басқа амалыңыз қалмайды екен.
Адамнан адамның артығы жоқ. Үмітіңді үкілеп, өзгеден үстем ететін бойыңдағы қадір-қасиетің ғана. Оны тәмам жұрт қана емес, тағдыр да таразыға сап, саралап салмақтап, соған лайықты тарту жасайтынын осы мысалдан-ақ көруге болады.
Масылдық деп – әлдекімнің еңбегінің үстінен күн көруге машықтанған сүйкімсіз әдет-дағдыны айтуға болады. Ол ел-әйел, үлкен-кіші деп жас, жыныс талғап жатпай ақылы келте, ар-ұяты төмен мұңсыз жандарды ерттеп мінеп, еріншектік пен жалқаулықтың жарқабағына жарты қадам ұзатпайтын ұнамсыз ғадет. Оны үзіп шығып, намысқа мініп, өз күнін өзі көруге тырысқан кімнің болсын адал еңбегінен абырой тауып, адам атын асқар тұтар азамат қалыпталарына күмәнданбаса болады.
Әлеуметтік көмекпен қамтылып, үкіметтің аз-маз жәрдемақысына арқа сүйеп жүрген әлеуметті жалпылай қоғамға масыл тұлға деп айыптаудан аулақ болуымыз керек. Халықтың бұл бөлігі уақытша мерзімде аяғынан тік тұрып кете алмай, белгілі бір кезеңде қолтығынан демеп жіберетін қаржылай кепілдікке зәру әлеуметтің бір тобы ғана. Сәті келіп, жағдайы оңалған соң оларға жәрдемақы тағайындау да тоқтайды.
Табиғатымыздың тегін тартуы – шипалы суы бар мекенде екі-үш күн аялдап ем қабылдайтын болып, бір келіншекпен бір бөлмеде дәмдем-тұздас болып жаттық. Ем алу үшін арнайы келгені болмаса әлеуметтік жағдайы өте төмен екені көрініп тұр. Үстіндегі көйлегі өрім-өрім. Үш-төрт жыл иығынан түспегені көрініп тұр. Өзінің бесінші баласына аяғы ауыр екен. Аяқ-қолы жылдам, тірлікке пысық жап-жас келіншектің аса құнтты ғана емес ерекше қанағатшылдығына қатты таң болдым. Осы күйіне титтей де ренжімей, «ең бастысы, денім сау, балаларым аман» деп үнжырғасын түсірмей, келешекке жарқын үмітін жықпауы көңілімді елжіретті.
Елден жырақ қырда отырып күйеуі екеуі жеке бір адамның малын бағады екен. Балалары қайынағасының үйінде өсіп-өніп жатыр. Жас ананың арманы бала-шағасының басын бұзбай, бір отанда өсіп-өркендеуі үшін ұядай етіп үй соғып алсақ дейді. Сөйтіп бірінші және екінші, сосын үшінші баласын туғанда берілетін жергөкпұлдың басын бұзбай тамның іргетасына қажет материалын алыпты. Төртіншісінде үйдің фундаментін құйғызуға қол жетіпті. Енді күтіп отырған бесінші баласында баспанасының қабырғасын өріп бастандыруға ниет қылып отыр.
Сол баяғы ұрпақ үшін басын бәйгеге тігетін ана табиғатына адалдықтың ұшқынын сөрдірмеген мінезге бай, сезімге мықты, арманы алатаудай ару отыр менің алдымда. Қоғам ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін масылдық атаулыдан ада болуы үшін осындай азаматтардың тамаша мақсаткерлігі кім-кімге де үлгі.
Осы жерде тағы бір ой қылтияды. Дап-дардай кәсіпті иеленіп, малдың соңында жүрген ерлі-зайыпқа жалақыдан бөлек, бес-алты саулықты артық беріп, осыны өздерің асырап, ыстықауметіңе жарата қойыңдар десе дәл мынадай күйге түсіп, жәрдемақыға там соғып, көйлегі тозып жүрмес еді-ау қызғалдақ өмір.
Әр көктем отар-отар қойдың қырылып жататыны қалталылардың сол қаттылығына қылған құдыреттің кәрі емес пе деп ойлайсың кейде.
Биыл атаулы әлеуметтік көмектің көрсету көлемі ең төменгі айлық көрсеткіштің 70 пайызға ұлғайтылуына байланысты көп балалы отбасылары үшін әр балаға 21 мың сомнан тағайындалды.
Құзырлы орындар осы көмектің тиісті отбасыларға қамтылуына қарқынды жұмыс атқарып жатыр. Нәтижесінде, бағдарлама күшіне енген сәуір-мамыр айларында аудан бойынша 1113 отбасы, яғни 5454 адам тиісті жәрдемақымен қамтылды. Бұрыннан атаулы жәрдемақы алып келе жатқан 319 отбасыға автоматты түрде жәрдемақы төлеудің жаңа түріне көшірілді. Сол кездің өзінде игерілуге тиіс 110 млн. теңгенің 73 пайызы тиісті тұлғаларға төленді.
Әрбір тұлға туған Қазақстанда еңбек етіп, әлеуеттерін жүзеге асыру қажет: Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда және жасай береді.
Бұл жерде бір ғана нәрсе айқын, тек еңбек қана барлық қиындықты жеңбек.
                                                                                                               Баян ҮСЕЙІНОВА.
16 шілде 2019 ж. 710 0