№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет мәртебесі

Мемлекеттік қызмет мәртебесі


Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше. Тіптен, елдің дамуында шешуші рөл атқаратыны белгілі. Тәуелсіздік алғалы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын уақыт талабына сай жетілдіріп отыруды басшылыққа алды.
Атап айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамында Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру тапсырылды. Яғни, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, мемлекеттік қызмет көрсету мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру, еңбекақыны нәтиже жұмысына қарай төлеу, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесін үнемі арттырып отыру, мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу және т.б. міндеттеді.
Ал, «Қазақстан 2050» Стратегиясы» атты Жолдауында мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру жайы айтылды.
Осыған сәйкес, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. Бүгінде мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жүзеге асып, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі әзірленді. Мемлекеттік қызметшiге өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсауға мүмкіндіктер жасалды.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуі, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімін арттыруда мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, елде осы бағытта атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Оның нәтижелерін тұрғындар сезіне бастады. Оның айқын келбеті аудандағы жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстарды айтуға болады. Мәселен, электронды қызмет түріне басымдық беріліп, сала басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларының әлеуметтік желілер арқылы есеп беруі жолға қойылды. Мұндай тәсіл өміршеңдігін дәлелдей бастады. Себебі, көптеген мәселелер шешімін таба бастады.
Жалпы, Жаңақорған дамудың жолына түскен аудан. Халықпен биліктің арасындағы байланыс нығайып, ел мүддесі жолында атқарылып жатқан шаралар аз емес.
Келешекті кемелді жолға салатын бастама – Рухани жаңғыру бағдарламасы. Елбасы мақаласында ХХІ ғасырдағы қоғамның дамуына жаңа серпін бере алатын қадау-қадау бастамалар мен нақты меже көрсетілді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, білім мен өнердің өрісін кеңейтуде нақты тапсырмалар жүктелді.
Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжатта сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделерді тиімді іске асыру міндеті тұр.
Олай болса, ең алдымен мемлекеттік қызметшілер Рухани жаңғыруды өздерінен бастауы тиіс. Өйткені, мемлекеттің қозғаушы күші саналатын жүйенің заман талабына сай жаңғыруы тиіс-ақ. Осы ретте, уақытпен санаспай, сапалы қызмет көрсетуде үлгі болуымыз қажет...

Ерсұлтан ЖАНБОЛАТ,
Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-бақылау бөлімінің
бас инспекторы.
19 маусым 2018 ж. 1 312 0