№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛДАҒЫ ОН ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ОН МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

АЛДАҒЫ ОН ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ОН МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ


Астана төрінде өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жаңа мүмкіндіктерін жариялады.

Ендігі кезекте, елдегі жетекші саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясы, Елбасы айқындаған стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ОН МАҚСАТЫНА қол жеткізуге жұмыс жасайтын болады.

1 мақсат: Әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы

«Нұр Отан» партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана бағытталмай, барша қазақстандықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасалатын тиімді және әділетті әлеуметтік саясаттың іске асырылуын көздейді.

2 мақсат: Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білімі
          Біз әрбір қазақстандық үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіспіз. Біздің елімізде балалар мен жастардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін заманауи білім мен дағды алуы үшін бар мүмкіндік жасалуы керек.
3 мақсат: Саламатты адамдардың қуатты ұлты
«Нұр Отан» партиясы қазақстандық медицина әлемдегі ең жоғары стандарттарға сәйкес болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуді жақтайды.
4 мақсат: Инклюзивті экономика
«Нұр Отан» партиясы инклюзивтік экономикалық саясатты іске асыратын болады. Біз бақуаттылықтың өсуін әрбір жекелеген азамат сезінетіндей экономика құруға тиіспіз.
5 мақсат: Дамыған бизнес, қоғамның бақуаттылығының негізі
«Нұр Отан» партиясы Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауды өз мақсаты ретінде ұстанады. Нарық бәсеке қағидаттарының негізінде жұмыс істеп, оған кірудегі кедергілер төмен болуға тиіс.
6 мақсат: Азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау
«Нұр Отан» партиясы біздің азаматтарымыздың негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға еркін демалуға, әлеуметтенуге және дамыған елдердің стандарттарына сай келетін қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік беру керек деп санайды.
7 мақсат: Азаматтардың мүддесін білдіретін тиімді мемлекет
Біздің пайым бойынша заманауи мемлекеттік аппарат еліміздің әрбір тұрғыны үшін өмір сүрудің жоғары сапасын, мығым әлеуметтік кепілдіктерді, даму үшін мүмкіндіктерді және қауіпсіз өмірді қамтамасыз етуге тиіс.
8 мақсат: Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы
«Нұр Отан» партиясы ынтымақтастық және жауапкершілік негізінде Қазақстан азаматтарын жалпыұлттық мәселелерді шешу үшін қатысуға ынталандыратын болады.
Біз әрбір қазақстандық азаматтың елде болып жатқан процестердегі рөлінің арта бергенін қалаймыз. Азамат мемлекеттік саясатқа белсене араласып қана қоймай, өз елінің дамуына әсерін тигізуге тиіс.
9 мақсат: Жастар – зор мүмкіндіктерге ие ұрпақ
«Нұр Отан» партиясы әлемдік үрдістерді ескере отырып, жастарды жан-жақты қолдауды күшейте түседі.
Жастарға сапалы білім алу, тұлға ретінде даму, кәсіптік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі таныту үшін жағдай жасап, мүмкіндіктер туғызу – алдағы жылдарда табысты, дамыған әрі тұрақты Қазақстан алдында тұрған міндет.
Жаңа буын қазақстандықтар еліміздің стратегиялық бағытын ілгерілетуші күш болуға тиіс. Оларды жан-жақты қолдау «Нұр Отан» партиясы және оның «Жас Отан» жастар қанаты қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
10 мақсат: «Нұр отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси көшбасшылығы
«Нұр Отан» партиясы жаңа тұрпаттағы партия ретінде ұстанады, ол өзінің жиырма жылдық партиялық табысты қызметін цифрлық қоғамның түбегейлі жаңа жағдайында жұмыс істеу үшін пайдалануға қабілетті.
Елбасының партиясы бола тұрып, «Нұр Отан» Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің мүдделерін білдіруге тырысады.
  

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты.

27 ақпан 2019 ж. 999 0