№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын салу

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын салу

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың әл-ауқатын жақсарту саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Әлеуметтік маңызды бағыттардың бірі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын салу болып табылады.Осыған байланысты біз осы салалардағы қылмыстық істерді тергеу жағдайын қарастырдық.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету
2016 жылдан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 69 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, осы салада мемлекетке залал 1,8 млрд. теңгені құрады.
Қылмыстық жауапкершілікке 32 адам тартылды,оның ішінде: 24 сотталған.
Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысынан астамын лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне жалған қол қою арқылы жасайды.
Көбінесе бюджет қаражатын ұрлау(25), пара алу(14)және өкілеттікті асыра пайдалану(13)фактілері тіркеледі.
Мысалы, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың14 маусымында «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры У. Мусралиев аса ірі көлемде жалпы сомасы 706 млн. теңгені құрайтын бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сонымен қатар, сотталушы бас бостандығы жазасын өтеп болғаннан кейін құрылыс саласында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.Бұл ақша мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағы басқарушы компаниясы» Акционерлік қоғамы үшін магистралды суағар құрылысын салуға арналған.Келтірілген залал толығымен өндірілген.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты ауыз су сатып алуды субсидиялауға бөлінген 30 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Тағы бір жарқын мысал бәріне белгілі Солтүстік Қазақстан облысының Соколов топтық су құбырын қайта жаңарту бойынша келісім-шарт жасасу кезінде 60 млн.теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитет төрағасына қатысты қылмыстық ісі болып табылады.
Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен күзетпен ұсталуда.
Жолдар салу бойынша
Бұл жерде жол құрылысына қатысты 3,5 жыл ішінде біз 2,7 млрд. теңге сомасында мемлекетке залал келтіре отырып, 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілерін тіркедік.Қылмыс жасау тәсілдері жоғарыда айтылғандарға ұқсас.
Қылмыстық жауапкершілікке 55 адам тартылды, оның 24-і бүгінгі күні сотталған.
Мысалы, «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Кенжеғұл параның жиырма еселенген сомасында, яғни 40 млн.теңге көлемінде жол салу кезінде материалдарды арзанырақ етіп өзгертуді келіскені үшін жалпы сомасы 2 млн. теңгеге пара алғаны үшін сотталды.
Сотталушы сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Павлодар облысында «Павлодаржолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғам филиалының директоры және оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Аталған тұлғалар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана-Павлодар» және «Павлодар-Семей» жолдарын салу мен қайта жаңартуды жүзеге асыру барысында мердігерлік ұйымдардың өкілдерінен жүйелі түрде пара алған.
Бұл адамдарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында «ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның облыстық филиал басшыларына қатысты қылмыстық істер тергелуде.Бұл кәсіпорынның директорымен орынбасары мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алуда және құрылыс кезінде орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою жолымен бюджет қаражатын ұрлауы бойынша күдікті.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот шығарады.
Залалды өндіру бойынша
Жүргізілген талдауға сәйкес, аталған салаларда қылмыс жасауға бюджет қаражатының жұмсалуына тиісті бақылаудың болмауы және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашық болмауы ықпал етеді.
2016 жылдан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін мерзімінде барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстардың нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың 55,6 млрд. теңге көлемінде өтелді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатын мақсатты жұмсау және оны өндіру мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды.
Өзге бақылаушы органдармен өзара іс-қимылда Тиісті мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.
Алдын алу жұмыстары
Бұдан басқа, Агенттік қылмыстың алдын алу жұмысына үлкен көңіл бөледі.Мысалы, 2019 жылдың 5 айында тергеу нәтижелері бойынша ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша 1373 ұсыныс енгізілді.
Олардың көпшілігі ішкі істер органдарына, әкімдіктерге, білім беру мекемелеріне, мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.Қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке 557 мемлекеттік қызметкер тартылды, оның ішінде 76-сы жұмыстан шығарылды.Бағыныштылармен бақылаудың болмауы және заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 190 басшы тартылды.
Мысалы, ҚР Ауыл шараушылық министрлігінің агроөндірістік комплексінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын жеткіліксіз ұйымдастырғаны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысының а.ж. 10 маусымдағы бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысына сөгіс жарияланды.
Агенттікпен осы бағытта жұмыс жалғастырылуда

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
21 маусым 2019 ж. 729 0