№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері басты назарда

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері басты назарда

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәжіліс залындааймақтағы сот корпусы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді – деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы".

  Шараның мақсаты - қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкерелеу, жолын кесу және тергеу барысында ашықтық пен объективтілікті басшылыққа ала отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, олардың бұзылмауын қамтамасыз ету мәселелері болды.
Аталған мәжіліс Департамент басшысының орынбасары Б.Жандарбековтың төрағалығымен өткізіліп, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясыА.Сұлтанбеков және Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясыТ.Тілеп хабарламалар жасады.
Департаменттің тергеу басқармасының басшысы Р.Яғмусов өзінің баяндамасындаөндірістегі істердің мән-жайына тоқталып,ағымдағы жылдың 3 айында сотқа 47 қылмыстық іс жолданғанын және қызметкерлер тарапынан жетілдірілуі қажет етілетін процессуалдық іс-әрекеттерге көңіл бөлу керек екендігін баса айтты.
Кездесудің қорытындысымен сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесіне, дәлелдерді бағалауға, әрекеттердің саралануына, залалды белгілеуге, тергеу әрекеттерін санкциялауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ өзара іс қимылдың өзекті мәселелері талқыланып, нақты шаралар белгіленді.
11 сәуір 2019 ж. 1 024 0