№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен елімізде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін қабылдамауды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстанда Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде көмек көрсеткен азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, дәлелін тапқан жағдайда біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермеленуі мүмкін.
Өткен жылы бей-жай емес азаматтардың өтініші бойынша Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жемқорлық қылмыстарының бірқатары анықталды.
2018 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалары үшін 185 тұлға 27,3 млн. теңгеге көтермеленді.
Оның ішінде онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 2 азамат – 192400 теңгеге, ауырлығы орташа бойынша 73 тұлға – 9,04 млн. теңгеге, ауыр қылмыстар бойынша 106 тұлға – 18,1 млн. теңгеге көтермеленді.
А.ж. екі айында Ұлттық бюроның аумақтық департаменттерімен 29 тұлға жалпы сомасы 4,5 млн. теңгеге көтермеленді.
Оның ішінде ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 9 азамат 1,1 млн. теңгеге, ауыр қылмыстар бойынша 20 тұлға 3,4 млн. теңгеге көтермеленді.
Қағидаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген
3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы
шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес көтермелеу құқық бұзушылықтың санатына қарай белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткішке дейін көтермеленеді.
Азаматтарға онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарламалары үшін 40 айлық есептік көрсеткіш,ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы - 50 АЕК; ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша тиісінше 70 АЕК және 100 АЕК тиісті.
Біржолғы ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша әрбір адам біздің Агенттікке ресми хатпен, немесе Ұлттық бюроның және оның аумақтық департаменттерінің кезекші бөлімшелеріне және еліміздің барлық өңірлері үшін қолжетімді және аптасына 7 күн тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 - Call орталығына хабарласа алады.

Арман Бердалин.
29 наурыз 2019 ж. 1 090 0