№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛА ҚҰҚЫҒЫНА БЕЙҚАМ ҚАРАМАҢЫЗ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫНА БЕЙҚАМ ҚАРАМАҢЫЗ

Оқу жылы аяқталып, жазғы каникулға шыққан балалардың ауылшаруашылық саласымен қатар басқа да ауыр жұмысқа жегіліп, жалданып жұмыс жасауы қаншалықты заңды? Ешқандай келісімшартсыз жұмысқа жегу бала еңбегін қанау болып саналмай ма? Осы сұрақ төңірегінде тиісті маманмен жолығып болашақ ұрпақ – бала қауіпсіздігі жайында өзекті мәселені талқыладық.

Халықаралық статистика мәліме­тіне сүйенсек, дүние жүзінде 200 миллионнан астам кәмелетке толмаған жасөспірімдер ересектер қатарында жұмыс істейді және олардың жар­тысынан көбі бала еңбегінің ең ауыр түрлерімен айналысуға мәжбүр екен. Көбіне жасөспірімдердің еңбегі үлкен мегаполистерде, ауыл шаруа­шылығында, кәсіби білікті­лікті қажет етпейтін салаларда пай­да­ланылады. Қазақстан да осы ел­дер қатарында екенін маманнан естіге­німізде таңда­нысымыз бен қатар өкінішімізді де жасыра алмадық.
– Қазақстан Республикасының заң­да­­рын­да бала еңбегіне шектеулер қойылып, еңбек түрлеріне қарай қылмыстық және әкімшілік жазалау түрлері қарастырылған. Сондай-ақ, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынғанын да айта кету керек. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. Қазақстан Республикасы заңдары аясында еңбек құқығы мәселесі, балаларды еңбекке тартудағы жасаралық категориялар бойынша түрлі сипаттағы қорғау шаралары, акциялар әсіресе оқушылар арасында кеңінен талқыланады. Мақсаты – бала еңбегі мәселесіне қоғам назарын аударту, балалардың құқықтарын қорғау болып табылады, – дейді аудандық ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ғани Төлешов.
Инспектордың сөзінше, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіп-
сіздігін, балалар құқығын қамтамасыз етуде түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүрмеу керектігі жөнінде тұрғындар арасында рейд жүргізіліп тұрады екен. Осы ретте айта кету керек рейд барысында кәмелетке толмаған балалардың дені көлік жуу орындары мен мейрамханаларда даяршы болып жалданып жұмыс жасайтыны тіркеліп, ескерту қағазы берілген.
Осы орайда жұмыс берушілер ата-ананың рұқсатынсыз балаларды неге жұмысқа қабылдайды деген заңды сұрақ туындайды. Көп жерде кездесетін бұл дәйекті былай түсіндіруге болады. Жас баланың еңбегі ересек адаммен салыстырғанда әлдеқайда арзан және балалар кейбір еңбек түрлерін физикалық тұрғыдан ересектерден едәуір жақсы атқарады деген пікір бар. Бала еңбегін қолданудағы басты себеп ересектерге қарағанда балаларды басқару оңай екенінде. Осы орайда олар өз құқықтарын жете түсінбеуімен қатар, әуре-сарсаңға салмайды және тез бейімделгіш келетінінде.
Әдетте ауылдағы күнделікті күйбең тіршіліктен балалар отбасына қолғабыс етіп, көмекші болады. Осы орайда бала еңбегінің олардың денсаулығына, дамуына тигізетін кері әсері елеусіз қалады. Бұл дегеніміз тұрғындардың көбіне ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер қатерін білмеуімен сипатталады.
Иә, бала құқығын қорғау – бас-
ты талап. Аудан көлемінде ұйымдасты-
рылып жатқан осындай акция, шара-
лар барысында аудандық кәмелетке жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері мен аудандық білім бөлімі, салауатты өмір салтын қалыптас-
тыру орталығы және ІІБ-нің кәме-
летке толмағандар істері жөніндегі инспекциясы бірігіп құрылыс нысында-
рында, жанар-жағармай құю орталық-
тары мен сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Іс-шарада аталмыш бөлімдердің өкілдері жұмыс берушілерге бала еңбегін қанаудың қылмыс екенін, оларға белгіленген уақыт шегінде жұмыс атқару қажет саналатындығын айтылды. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналарынан сауалнамалар алынып, құқықтық сауаттылықты арттыруға байланысты ақпараттар берілген.

Лаура БИБАСАРОВА.
11 маусым 2019 ж. 1 343 0