2,5 МЛН АСТАМ БАЛА САУЫҚТЫРУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осындай мәлімдеме жасады.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны 2,815 млн адамды құрайды. Жазғы каникул кезінде 15 597 сауықтыру лагері мен алаңдары жұмыс істейді деп жоспарлануда.
«Балалардың жазғы демалысы екі бағытта: сауықтыру және іспен шұғылдандыру бойынша ұйымдастырылады. Сауықтырумен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 2,595 млн бала немесе 92,2%-ы қамтылады. Жазғы кезеңде іспен шұғылданумен (секциялар, үйірмелер, клубтар, саяхаттар және т. б.) 2,557 млн немесе оқушылардың 91% қамтылады», — деді Е. Сағадиев.

Пікір 2