№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛА ТӘРБИЕСІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕМЕСІН

БАЛА ТӘРБИЕСІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕМЕСІН

Біздің елде ғана емес, әлем елде­рінде өршіп тұрған мәселенің бірі – бала тәрбиесі. Шыны керек, кейінгі кезде жасөспірімдердің бұзақылығы күн санап артып келеді. Мектеп жасындағы оқушылардың тәртіпсіздігі ұстаздар мен тәртіп сақшыларын да алаңдатып отыр. Сондықтан, ата-аналар мүмкіндігінше балаларға қадағалауды күшейткені абзал. Әйтпесе, заң бойынша қолданылатын жаза түрлері де қатаң екенін ескертеміз. Бүгін осы жөнінде түсіндіре кетейік.
ҚР әкімшілі-құқық бұзушылық Ко­дексі­нің 442 бабының 1-бөлігінде көр­сетілген түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін өзінің заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде (мейрамхана, кафе, плестейшн және т.б.) болуға жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Яғни, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 3 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айып­пұл салынады. Осы аталған баптың 2-бөлігінде көрсетілгендей егер жасөспірім түнгі сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін өзінің заңды өкілінсіз тұрғын үй ауласынан беймезгіл уақытта жүргені анықталса ата-аналарына немесе ата-аналарына теңестірілген заңды өкіл­деріне ескерту беріледі.
Ал, ҚР ӘКҚК-нің 442 бап 3-бөлігінде осы 1-2 бөлігінде көрсетілген жағдай бір жылдың ішінде екі рет қайталанса, онда іс аудандық сотқа жолданып, сот шешімі шығарылады. Тіпті, 15 АЕК дейін айыппұл салынуға әкеліп соғады. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірім аудандық полиция бөлімінің есебіне алынады.
Енді статистиканы сөйлетсек, 2018 жылдың АПб-не әр түрлі әкімшілік құқық бұзған 272 жасөспірім жеткізілді. Ал, 2019 жылдың 3 айдың қорытындысымен АПб-не 63 құқық бұзған жасөспірім жеткізілді. Сондықтан, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне бей-жай қарамай, ертеңіне сеніммен қарайтын тұлға етіп өсіргені абзал болар еді...

Арыстан ТӨЛЕШОВ,
аудандық жергілікті полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар
істері жөніндегі инспекторы.
24 сәуір 2019 ж. 983 0