№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды

Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды

Анасы жұмысқа шыққан жағдайда оған бала күтіміне берілетін жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін.

2020 жылдан бастап баланың анасы жұмысқа шыққысы келген жағдайда оған бала күтіміне берілетін жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп жазады  zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік Мәжіліс барысында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңнаманың жаңа нұсқасын таныстырды.
"Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында бала бір жасқа толғанға дейін ата-анасы жұмысқа шықса немесе кәсіпкерлікпен айналысса да оларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жалғастыра беру ұсынылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай Оның айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін төмендетіледі. Сондай-ақ, Жақыпова 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бір бала үшін 15 050 теңге, екі балаға - 17 794 теңге, үш балаға - 20 512 теңге, ал төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңге болатынын айтты.


12 наурыз 2019 ж. 1 486 0