№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сериал көруден ұтарымыз не?

Сериал көруден ұтарымыз не?

  Бүгінгі күнде барлық арналарды жаулап алған діні өзге, салты басқа үнді сериалдары біздің қоғамға қауіп төндіріп тұрғандығына бірі мән берсе, бірі мән бермейді. Жасыратыны жоқ, жасымыз да, жасымызда үнді сериалдарды көруді әдетке айналдырып алдық. Қашан болса да көгілдір экран алдында тапжылмай, бұл сериалдарды көріп отырған жандарды кездестіресіз. Қарап отырып, босқа өтіп жатқан қайран уақытқа ішің ашиды.

  Үнді сериалдары біздің ата дініміз исламды, өзіміздің салт-дәстүрлерімізді ұмытуға алып келеді деп ойламайсыздар ма? Әдетте айналамыздағы жандардан «уақыт жетпейді» деген сөзді жиі естіп жатамыз. Бір қызығы – өзіміз білетін «сол сериал көргіштер де» осы уәжді үнемі айтады. Сонда бұл жандарды еріксіз байлап алатындай не құпия-сыры барын қайдам, әйтеуір, оның фанаттарының қатарында күні бойы қолы бос қатын-қалаш қана емес, әжептеуір қызметте жүрген басшылардың да бары таңқалдырады. Қысқасы, үнді сериалдары нағыз үнді шайы секілді сұранысқа ие болып тұр.
 Үнді фильмдерін тамашалайтын негізгі аудитория - осы елдегі миллиондаған кедей адамдар болғандықтан, барлық дерлік кинотуындылардың сценарийі бірізді бағытта өрбиді: төменгі әлеуметтік таптан шыққан қарапайым адам әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы күресіп, түбінде жеңіп шығады. Әлбетте, бұған көптеген музыка мен бидің түр-түрі, ұлттық киімдер қосылып, нәтижесінде тек үнді фильмдеріне тән атмосфера жасалады. Үнді режиссерлерінің тағы бір қағидасы - киноға сән әлемінде табысқа жеткен сұлу қыздарды көптеп тарту. Айталық, әр жылдарда әлем аруы атағын иеленген Айшвария Рай, Лара Датта, Приянка Чопра секілді модельдер, сонымен қатар жергілікті байқауларда топ жарған сұлулар ертелі-кеш киноға келетіні заңдылыққа айналды.
    Үнді сериалдарында біреуді алдау, біреуге жала жабу, бай мен кедейдің тартысы, үлкен мен кішінің ұрысы сияқты жасанды оқиғалар жиі кездеседі. Ажырасқан жанұялар, азғындықты насихаттайтын сюжеттерден аяқ алып жүре алмайсыз.
 Өз тарихымызды білуге талпынбаймыз. Осынау ұлан байтақ жерімізді сыртқы жаулардан қорғап, қанын төккен, жанын берген сол батыр бабаларымыздың ерлігін мақтаныш етудің орнына қайдағы бір үнді сериалын сөз етеміз. Статистикаға сүйенсек, елі­мізде 25 жастан 75 жасқа дейінгі нәзік жандардың көбі сериал көруге әуес екен. Еліміздегі тұрғындардың 85 пайызы жоқ дегенде күн­делiктi бір сағатын сериал көруге жұмсай­ды деген де дерек бар. Бір сөзбен айтқанда – сериалға тәуелділік. Сериалға үйреніп алу деген алкоголь мен есірткіге құ­март­қанмен бірдей екенін дәрігерлер дәлелдегелі қашан?! Сағыздай со­зылған кейбір сериалдар адамды невроз ауруына шалдықтыратынын да мамандар дәлелдеген. 
  Ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымызды жоғалтпайық, жас достар!..
Ерлан РАЙЫМБЕК.
07 маусым 2019 ж. 1 096 0