№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ЖЕТІ СЫР

Бүгінде әйел тұрмақ, ерлер де сыр жасыра алмайтын болды. Ислам құндылығы өзінің ішкі мұратын, өзгенің сырын жасыру имандылықтың белгісіне жатқызады. Ал, шығыс мәдениетінде құпияны жасыру естінің ісі ғана дейді. Мәселен, үнді данышпандары елге нені айтуға болады, айтылмайтын қандай құпия жасырған дұрыс екенін айтыпты.
 
Ең біріншісі, келешекке құрған жоспарды айтқан дұрыс емес. Жалпы, жоспар толық орындалмай ол жайлы жарияламаған жөн. Мұны шариғат та айтады. Себебі, жарияланған жоспарға шайтан кедергі жасауға тырысады-мыс. Ал, үнді данышпандары адамның кез келген ойы бастапқыда әлжуаз боп тұрады дейді. Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез келген жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып алуға болады.
Екінші құпия – қайырымды істер туралы ешкімге айтпау. Қайырымды іс – жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.
Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы көпшілікте айтпау. Тамақ, ұйқы, күлкі, төсек қатынасына қатысты шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.
Төртінші құпия – жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу. Әр адам күнделікті сан алуан оқиғаларды бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты ешкім байқай бермейді. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.
Бесінші құпия – рухани жетілу туралы айтпау. Рухани байлық тек сіздікі. Оны ешкімге айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз ғана шет жағасын айтыңыз.
 Алтыншы құпия – үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір туралы үндемеу. Есіңізде болсын: отбасыңыздағы ұрыс туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы берік бола түседі. Ұрыс – араласу барысында жиналып қалған зиянды қуат. Түйткілді көп талқылаған сайын оған өзіңіз көбірек сене бастайсыз.
 Жетінші құпия – баяғыда естіген жаман сөздер туралы айта бермеңіз. Көшеде жүріп аяқкиімді былғап алуға болады. Ал, кейде сананы да былғап алатындар болады. Жолда келе жатып естіген бар қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның табалдырықтан аттап, былғаныш аяқкиіммен төрге озған адамнан айырмасы жоқ.
03 маусым 2018 ж. 1 168 0