№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Корейше неге ой қорытатын болдық?

Корейше неге ой қорытатын болдық?

           
Иә, неге корейше ойлап, үндіше мінез танытып жүрміз. Себебі не? Себебі, бүгінде телевидения тұтас қоғамды тәрбиелейтін қуатты құралға айналды. Өйткені, асығыс заманда ата-ананың тәлімді тәрбиесін, көгілдір экран тартып алғаның айттық. Содан жас ұрпақ телеэкраннан нені көрсе соны айна қатесіз өмірде қайталауда.
           
Отандық экранның үстем бөлігі жат елдік теле өндірістер еншісіне тиетіні анық. Мәселен, корей, түрік, ресейлік, үнді және Латын америкалық көп сериалдары, батыстық фантастикалық боевиктері, үнді драмалық кинолары қазіргі телевидения тұтынатын негізгі өнімдер. Оған жақында үнді телесериалы қосылды.
Ал өзімізде шығып жатқан азғана телевидениялық өндірістер жайлы айтудың өзі ұят. Бұл жайлы ойымызды сабақтамас бұрын, шет елдік өндірістердің жалпы тұрпатын анықтап көрелік.  
Жат елдік фильмдердің ортақ сюжеті:
– Қос ғашықтың арасындағы махаббат.
– Әйелінің көзіне немесе күйеуіне шөп салу.
– Ғашықтар арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.
– Оқиға сюжеті зәулім үйде өтеді.
– Үйдегі қызметшілер ас бөлмеде негізгі кейіпкер жайында өсек айтады.
– Міндетті түрде бір жаман әйел немесе кемпір, я болмаса қыз болады.
– Қыз зорлау фактісі орын алады.
– Кейіпкер есірткі, қару, мафия істеріне араласып, аяғында жеңіп шығады.
– Аурухана коридорларындағы көріністер, дәрігерден хабар күту.
– Байдың жалғыз баласы ұрланады.
– Біреудің бірнеше жыл көрмеген әкесі, шешесі т.б пайда болады.
– Адамға оқ тисе де өлмейді.
– Әйел үйінен кетіп қалады. Қайтып келеді.
– Адамдар бай болса да кедей болса да үнемі таксимен жүреді.
Тағысын тағы айта беруге болады. Мысал үшін, дәл осы сюжеттерді «Дениз» сериалынан-ақ байқауға болады.
Ал, фантастикалық боевиктерде тапа-тал түсте көшедегіатыс-шабыс, жарылыс, қантөгіс, зорлау, ұрлау, кек алу секілді оқиғалар желісімен құралған бір сарынды киноларды көрермендерге ұсынамыз.
Осыдан кейін кәмелетке толмаған қызды зорлап, ойнап жүрген баланы өлтіріп, қапқа салып кетіпті дегендей жаңалықтарды таратып, себебін іздейміз. Себеп-салдарын іздесек, бірінші кезекте өзімізден көру керекпіз. Одан басқа амал жоқ. Өйткені, батыс бізге ақша беріп, «мына боевиктерді елінде көрсет», деп жатқан жоқ ғой. Оны өзіміз сатып алып, сосын жарнамалар арқылы майын тамызып насихаттап, көрерменге ұсынудамыз. Демек...
Енді жоғарыда келтірген жайттардан өнеге боларлық сюжеттер тауып көріңізші...
Отандық кино өндірушілерде батысқа елеңдеп, шетелден әртіс алдырып қаржыны ауаға шашуда. Бар армандары шетел таныса, шетел көрсе. Ал, өзіміздің көрермендер жайы қызықтырар емес.
Ақиқатында, қазақ көрермендері күнделікте өмірде болып жатқан оқиғалар желісімен құрылған кинолар қызықтыратыны аңғарылады. Неге дейсіз бе? Өзбек фильмдерін мысалға келтіруге болады. Қарапайым өзбек отбасындағы тәлімі мол, салт-дәстүрін дәріптейтін киноларды өзбек тілінде оңтүстіктегі ағайындар көруде. Тағыда неге дерсіз? Өйткені, қарапайым қазақтың өмірдегі болмысына жақын.
Сондықтан да, оқиғаның желісін ұзақтан іздегенше, ауылдағы қарапайым қазақтың суға зар болып отырғаның және т.б. көрсетсе болмас па еді?! Тарихи кино түсірем десе Кенесары ханның ерлігін жүздеген сериалға арқау болар еді. Ал 300 жылдық жоңғармен болған жаугершілік заманның желісімен түсірілген сериалдар түсірілсе, жас ұрпаққа өнеге болмас па еді? Кейбір елдерде ойдан шығарылған кинолар көп, ал бізде тарихи сюжет көп. Керей мен Жәнібек қалай қазақ туын тікті. Бұлда киноның арқауы. Мұстафаға болмаса, алаш қайраткерлері жайлы түсірілген кино бар деп айта алмаймыз. Оны да ескерсек.
Былайша айтқанда эстрада әртістерін экранға шығарып, мағынасы жоқ сайқымазақтық бағдармалар жасағаннан басқа ешнәрсе бітірген жоқпыз, әлі.
Нұр-КЕНЖЕ.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 097 0