№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС ҰРПАҚТЫ КІМДЕР ТӘРБИЕЛЕУДЕ?

ЖАС ҰРПАҚТЫ КІМДЕР ТӘРБИЕЛЕУДЕ?


Таңертең жұмысқа асығамыз. Күн бата үйге келіп, кешкі асымызды ішеміз де, көгілдір экранға телміреміз. Осылайша бір күнді өткізіп, ұйқыға батамыз. Міне, XXI ғасырда өмір кешіп жатқан әрбір отбасының күнелту сценериі осы. Бұл жерде бір сауал өзінен-өзі туындайды. Жастарды кім тәрбиелеуде? Олардың өмірлік көзқарастарының қалыптасуына кім ықпал етуде? Сұрақ көп, жауап аз. Ал, біз бірнеше нұсқасын ұсынып көрелік...

Бірінші нұсқа. Ұлттық болмысқа жат батыстық кино өндірістің жастар тәрбиесіндегі орны ерекше. Яғни, Еуропа мен Латын Америкалық, корей мен үнді кинолары мен сериалдары жастар санасына әсері айрықша. Олай дейтініміз, жастар көзқарасы мен сөйлеу мәнеріне, танымы мен болмысына жад өңдірістің ықпалын күнделікті өмірде көзбен көріп жүрміз. Мәселен, басылым беттерінен Қабанбай мен Бөгенбайды, танымаса да, корейлік Жумонг болғысы келетін жастар жайлы талай оқыдық. Тағы бір мысал. Батыстық фантастикалық боевиктер сюжетіндегі атыс-шабыс, зұлымдық әсерінен бой түзеген жастардың жан түршігерлік әрекеттері (кісі өлтіру, зорлау, ұрлық жасау және т.б. авт) қазақ қоғамында орын ала бастады. Тіпті оған таң қалмайтын болдық. Демек, асқар әкенің, мейрімді ананың тәрбиесін көгілдір экран тартып алды.
Екінші нұсқа. Интернет ресурстары жастардың танымы мен талғамына, көзқарасына ықпал ететін күшке ие. Тіпті, интернет арқылы жастар жат ағымға кіріп жатқанын біліп, естіп, көріп жүрміз. Қазір әлеуметтік желілер жастардың көп уақытын ұрлайтын құбылысқа айналды. Сабақ оқыса да, тамақ ішіп отырса да телефонын шұқылап, желіде желігіп отырады. Ал, әлеуметтік желідегі достары кім? Бәлкім жаман әдет-дағдыға шақырушылар ма? Әлде экстремистік ағымдармен байланысы барлармен тілдесіп отыра ма? Әрине, ата-аналар бұл жағын бақылауға қауқарсыз. Себебі, олардың уақыты жоқ...
Үшінші нұсқа. Тағылымды атаның, тәлімді әженің тәрбиесінің орнын балабақшадағы тәрбиеші басты. Осы жерде белгілі ғалым Қуандық Пазылұлының: «Бұрында әрбір баланың танымы мен зердесі өсуіне ата-әжелер қызмет етуші еді. Ал бүгінде балабақшадағы тәрбиеші үлесіне тиді. Бір тәрбиеші 20 бүлдіршінге ата-әженің тәрбиесін алмастыра алмайды. Өйткені, сол 20 баланың ішінде біреуі математик, екіншісі суретші, тағы бірінен композитор шығуы мүмкін. Демек, потенциялдық қабілетін аша алмайды ғой», – дегені еріксіз ойға оралады.
Өзіңіз ойланып қараңыз. Әрбір балаға индиуалды тәлім-тәрбие беретін ата-әженің тәрбиесі артық па? Әлде, 20 балаға ортақ тәрбие беретін жалғыз тәрбиешінің тәлімі жақсы ма?
Төртінші нұсқа. Эстрада жұлдыздары мен кино әртістерінің әрбір әрекеті жастар қылығына әсер етуде. Олай деуге негіз бар. Өйткені, жастар еліктер тұлғасын үнемі іздейтіні ақиқат. Өткен ғасырда ақын-жазушылардың әрбір басқан қадамын аңдып, соларға еліктеуші еді. Сол уақытта ақын-жазушылардың қоғамға әсері ерекше болатын. Себебі, ол буын әдебиет оқитын. Ал қазіргі ұрпақ кітап оқымаса да, музыка тыңдап, кино көреді. Музыка тыңдағандықтан отандық не, шет елдік әншілердің өмір сүру қағидасы маңызды болатыны түнікті. Сол себепті жартылай жалаңаш, адами мәнерде сөйлей алмайтын «жұлдыздар» жастар санасын елеулі ықпал жасауда.
Бесінші нұсқа. Барлық жауабы дұрыс.

ТҮЙІН. Осы жауаптардың қайсысы дұрыс немесе қайсысы бұрыстығын өздеріңіз бағамдап көріңіздер. Қалай болғанда да, рухани бәсекелестікте әке мен ананың қоғамдағы, отбасындағы орнынан айырылып қалғандығын мойындаудан басқа шара жоқ...
13 ақпан 2018 ж. 1 317 0