№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қоян ерін" немесе "қасқыр ауыз". Бала неге туабітті жырықпен дүниеге келеді

"Қоян ерін" немесе "қасқыр ауыз". Бала неге туабітті жырықпен дүниеге келеді

  Халық арасында "қоян ерін, қасқыр таңдай, қоянжырық" деп аталып кеткен диагноз бүгінде балалар арасында жиі кездесетін кемістікке жатады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды бала дүниеге келмей тұрып, ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен алдын алуға болады екен. Tengrinews.kz тілшісі бет-жақ хирургі Бағдат Рысбаевтан балалар арасында белең алып жатқан бұл дертке ненің себеп болатынын, оның белгілері қандай екенін және туа біткен бұл ақауды қалай жоюға болатынын сұрап білді.


  Бағдат Рысбаевтың айтуынша, мұндай патологияның пайда болуына көбіне тұқым қуалау бейімі себеп.

 "Бұл ауытқау ТВХ22 генінің өзгеруімен тікелей байланысты. Яғни генетикалық жүйеде қандай да бір ақауларға байланысты немесе жүкті әйелдің алкоголь, темекі, есірткі пайдалануымен байналысты. Сондай-ақ, психоэмоционал жағдайдың тигізетін әсері мол", - дейді Рысбаев. Бет-жақ хирургінің айтуынша, ерін жырығы ультрадыбыстық зерттеу кезінде көрінбесе, бала туған кезде бірден байқалады. "Бет-пішінінің өзгеруі - бұл қоянжырықтың басты белгісі.

  Ол кезде еріннің жоғарғы немесе төменгі жағында немесе екі жақта да жырық пайда болады. Мұндай дертпен дүниеге келген балалар дұрыс еме алмайды да, бұдан бөлек оларға жұтудың өзі қиынға соғады. Сонымен қатар, тіл кері қарай жылжытып, баланың тыныс алуына кедергі жасайды", - дейді хирург. Дәрігердің айтуынша, қоян ерінмен туылған балалар дұрыс тістей алмай, оларда тісжегі пайда болады. Осының салдарынан бала дұрыс сөйлей алмайды дейді.

  Маман туа біткен бұл ақауды жүктіліктің соңғы апталарында ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтауға болатынын айтады. "Жүктілік кезінде сәбидің осы дертке ұшырағаны анықталып жатса, міндетті түрде бала дүниеге келген соң генетик маманнан кеңес алу керек. Қоянжырықты тек хирургиялық жолмен емдеуге болады - хейлопластика, ринохейлопластика немесе ринохейлогнатопластика. Дегенмен кейбір пластикалық оталарды мүлде жасауға болмайды, себебі олар бет-пішінін өзгертіп қана қоймай, дертті одан да қатты асқындырып, организмнің басқа да қызметтерінің жұмысын бұзады", - дейді бет-жақ хирургі. Маман пластикалық оталардың көмегімен (балаға 3-4 ай болғанда ғана) ақауды жойып, баланы қайта қалыпты өмірге бейімдеуге болатынын айтады. Дәрігердің айтуынша, ота жасатқан балалар міндетті түрде 14-16 жасқа дейін бақылауда болады. Айта кетейік, халық арасында жүкті әйелдің қоян етін жегеннен баласы қоянжырық болып туылады деп те айтып жатады.

  Алайда хирург мұны жоққа шығарып отыр. Айтуынша, медицинада ол дәлелденген жоқ, сондықтан көбіне тұқым қуалау бейімі себеп екен.

04 маусым 2019 ж. 1 712 0