Қарақат Әбілдина асыраушысынан айырылған көпбалалы анаға қыруар қаржы сыйлады
Былтырғы жылы туған күнін мешітте атап өтіп, сынға іліккен Қарақат Әбілдина бұл жолы жарады. Әнші меншікті мерекесін мейрамханада емес, қайырымдылық концертінде атап өтті. Ал концерттен түскен ақшаны асыраушысынан айырылған алты баланың анасына сыйлады.
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарақат бұл күні 41 жасқа толған еді.
"Туған күнімді дәл осылай қайырымды іс-шара атқарып жатып, көпшілікпен тойлағым келді, мен соны көргім келді. Соны тіледім, қаладым. Осыдан бір жарым ай бұрын мақсат етіп қойдық", - дейді Қарақат Әбілдина.
Қыдырәлі мен Қарақат бұл концерттен түскен қаражатты қиын жағдайда қалған отбасыға табыстады.
"Қырық жастағы келіншек алтыншы сәбиін босанды, сол қуанышқа жолдасы жетпей қалған екен. Жүрегі тоқтап қайтыс болады. Сөйтіп қырық жастағы алты баланың анасында баспана жоқ, жағдайы жоқ. Сол бір ғана отағасының күнделікті ішіп-жемінен де айырылып қалады", - дейді Қарақат.
Қарақат көпбалалы жанұяға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырған екі бірдей концерттің қаржысын Әсел есімді келіншекке сахнада өзі ұсынды.
"Тағдырдың талайын көрген ананы қуантқым келді. Менімен жасы шамалас. Сондықтан бір ана бүгін еңсесі көтеріліп, қуанып қайтса – менің мақсатымның орындалғаны", - дейді Әбілдина.
Болмановтар жанұясының қайырымдылыққа қатысты жоспары мұнымен бітпейді. Қарақаттың жары әрі қолдаушысы алдағы уақытта қор ашып, көпбалалы аналарға көмектесуге ниет етіп отыр.
«Ана мен бала» қорын ашып, жылына шамамыз келген қалаларға барып, әкімшілікпен біріге отырып осындай қайырымдылық концерттерін өткізіп, әр қалада ең мұқтаж көп балалы ананың біреуіне көмектесіп, 12 ай бүкіл қалаларды аралап өтсек деген жоспар бар!" - дейді Қыдырәлі Болманов.

ДЕРЕККӨЗ: stan.kz