№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құран сүрелерін жатқа біледі

Құран сүрелерін жатқа біледі

   Бұл ғана емес. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан додаларда өз өнерімен көш бастап жүрген тағы бір бүлдіршін бар. Есімі – Айерке Бектас. Бұл бүлдіршіннің де жасы 6 да. Қазақ, орыс, ағылшын алфавитін танып үлгерген ол биыл мектеп қабырғасын аттауға толықтай дайын. Қазақ зиялылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Мұхтар Шаханов сынды асқақ рухты ақындардың поэзиясын шабыттана жырлайтын ол әншілікті де қатар алып келеді.
– Айерке, арманың қандай?
– Ғалым болу. Елдің дамуына үлес қосу.
– Елді қалай өркендетесің?
– Алдымен, терең білім алып, сосын мықты маман болып қалыптасуға күш саламын. Түрлі заманауи технологиялар ойлап тауып, жұмысты жеңілдетемін. Осылайша, ел әлеуетінің артуына ықпал етемін.
Айеркені мұқият тыңдасаңыз, ересектерше әңгіме тиегін ағытып, нық мақсат-мұратын әңгіме өзегіне айналдырды. Сондай-ақ, «апай мен Құран оқи аламын» деп өзінің тағы бір өнерін көрсеткен ол, «Фатиха», «Ықылас», «Нәс», «Фәлақ» сүресін мақраммен, тәжуидпен өлеңдетіп оқып берді.
Па, шіркін! Мұндай өнерге, асыл дінге деген құрметке қалай таңқалмассың? Аға буынның өзі тілім келмейді деп Құраннан хабарсыз болып жүргенде Айеркенің Құран оқуы расында да интеллектуалдылықтың белгісі болса керек-ті.
«Болашақ» бөбекжай балабақшасынан тәлім алған зерек қыз ондықтар мен жүздіктерді, көптаңбалы сандарды қосып азайтуға да қабілетті. Айеркенің бұл таланты әлі де шыңдалар болса, келешек өнерінің өрісі кең тұлғаға айналары анық.
Бала тәрбиесі құрсақтан бастау алатыны анық. Қазақ ежелден жар таңдауға, қыздың тектілігіне мән бергені де тарихтан таныс. Ал, баланың адами қасиеттері мен тектілігінің нышаны анасының мінез-құлқы, болмысына тікелей қатысты. Бағзы бабаларда «баланың балалығын тыйдым дегенше, даналығын тыйдым де» деген сөз бар. Балаға қысым көрсетіп, көп нәрседен тыю – тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді екен. Ондай балалардан келешек жасқаншақ, жуас, аңғал, ішіндегісін жасырып отыратын азамат шығады. Ал, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, интеллектуалды дарынды айқындау мен дамыту – ұстаз парызы. Дарын – тектен келген қасиет болса, оны шыңдай білу – балабақшадағы тәрбиешілер мен мектептегі ұстаздарға байланысты болса керек. Қысқасы, данышпан бала атадан берілген қасиет мен шыңдалған шығармашылықтан бастау алады. Яғни, баланы данышпанға айналдыру отбасындағы тәрбие мен білім үйлеріндегі еңбекке тікелей қатысты.

Ханзада ДОШАН.
01 маусым 2019 ж. 1 793 0