№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОЛЖАСТЫҢ МҰРАТЫ – ОЛИМП ШЫҢЫ

ОЛЖАСТЫҢ МҰРАТЫ – ОЛИМП ШЫҢЫ


Жалпы, аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың орны ерек. Қол күрес, гір тасын көтеру, шахмат және тағы басқа спорттың биігінен көрініп жүрген жас саңлақтармен қашанда мақтанамыз. Ел додаларында облыстың намысын қорғап, олжалы оралып жүрген оғландарды өскелең ұрпаққа үлгі ете аламыз. Олжас та сондай жігерлі жастардың қатарынан. Бала кезден денсаулығы сыр берсе де спортты серік еткен жас балуанның арманы асқақ, мақсаты айқын. Жуырда Атырау қаласында өткен дзюдодан әлем кубогінде қоламен қуантқан болатын. Атымтай жаңалықты естіп жаңақорғандық балуанды жеңісімен құттықтадық.
– Шыны керек, қолда тұрған финалдық жолдаманы уысымнан шығарып алдық. Бұйыртса келер жылы сол кубокті елде қалдыратын боламын. Маған қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріме, бапкеріме алғыс айтамын. Үлкен спортқа енді ғана тәй-тәй басып, өз шыңыма шығып келемін, – деді Олжас Оразалыұлы.
М.Нәлібаев ауылының тумасы Олжас қазақ күресінен ел чемпионы, дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2017 жылғы Атырауда өткен әлемдік парадзюдо кубогінің күміс жүлдегері атанып үлгерді. Орайы келгенде алғашқы бапкері Біржан Иманбаевтан жас балуанның алғашқы спортқа келуін сұрадық.
– Олжастың спортқа деген махаббаты жеті жасында оянды. Сол уақыттан бері бозкілемде белдесіп, бар арманы чемпион атану болатын. Міне, шәкіртімнің арманы уақыт өте келе орындалып келеді. Бұйыртса, 2020 жылы Токиода өтетін параолимпиада ойындарында көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатады деген үміттеміз, – деді алғашқы жаттықтырушысы.
Иә, білікті бапкерден тәлім алған Олжас сынды жас балуандар ертең-ақ ауданның абыройын асқақ етіп, мерейін тасытады деген сеніміміз мол. Айтпақшы, Токио демекші, егер Олжас олимпиада ойындарына жолдама алса, ауданнан параолимпиада ойындарына барған тұңғыш жас спортшы атанады. Қазір оның жасы небәрі 18-де.
Жалпы, жерлестері мен Сыр елі жалынды да, білікті балуаннан көп үміт күтеді. Отбасында 5 ұл, 3 қыздың ортасында өскен Олжастың ата-анасы да ұлы үшін тақымын қысып, әрдайым жеңісімен қуанып отырады.
Бүгінде Олжас Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алуда. Мамандығы денешынықтыру пәні мұғалімі. Олжастың қаладағы бапкері Руслан Беркінбаев шәкіртінің дайындық үстінде жүргенін хабардар етті. Себебі, алда бірнеше ірі додалар күтіп тұр. Алайда, оның ең басты арманы – олимп шыңын бағындыру. Жанкүйері, әрі жерлестері ретінде біз үнемі балуанымызбен біргеміз...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 268 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 13:29
Levitra 20 Mg Buy Now No Rx Acticin Online buy viagra online Zithromax Two First Day Viagra Purchase

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 15:28
Amoxicillin Chewable Peppermint Tablets Ingredients Cialis Ohne Rezept Aachen Acquista Viagra In Italia Propecia cheapest cialis 20mg Propecia Cambio Viagra Sur Ebay Companies That Sell Cialas